Н.Ә.Назарбаев, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы:

« … патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады… «

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан.

 

Ұлтты сүюдің үлгісі

Ақтөбе — әйгілі Әбілқайыр ханның, Әйтеке бидің, XV ғасырдың ұлы батыры Қобыландының, Арал мен Әжібай, Алтай мен Алыбай, Бөкенбай мен Есет Көкіұлы, Асау мен Барақ, Жоламан мен Бақтыбай, Көтібар мен оның ұлы Есет, Қарағұл мен Қайдауыл сынды көптеген ел қорғаған батырлардың, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан, Сары, Саршолақ сияқты ондаған ұлы ақын-жыраулардың, дана күйші Қазанғап бастаған сазгерлердің мекені. Ақтөбе — әйгілі лингвист, түркітанушы Құдайберген Жұбанов пен академик Сақтаған Бәйішевтерден басталатын ондаған ірі ғалымдардың, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргеновтерден басталатын ірі мемлекет қайраткерлерінің, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Сағи Жиенбаев бастаған ондаған дарынды ақын-жазушылардың, әйгілі академик Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова сынды  композиторлардың, Нұрсұлу Тапаловадай биші, Алтын Ружевадай театр тарландарының атамекені. Осындай ұлы тұлғалардың өмірі мен жүріп өткен жолы, артындағы ізі кейінгі ұрпаққа үлгі және өнеге.

Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы Zoom платформасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру – ұлтты сүюдің үлгісі» тақырыбында тарихи-танымдық сағатын өткізді.

Шараға белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, абайтанушы,сазгер, БақытқалиМұхамедқалиұлыМҰСАБЕКОВ, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын басқару орталығының басшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Нұрлыхан Жайылханұлы ХАСЕНОВ қатысты.

Қаламгерлер,  ел ағалары — зиялы қауым бас қосқан кезде  елдің болашағы, халқымыздың ынтымағы мен берекесі, рухани құндылықтар, тәуелсіз еліміздің баянды жетістіктері, мемлекетіміздің бүгінгі келбеті мен ертеңгі асулары әңгіме арқауына айналары сөзсіз.Шарада елімізде  үлкен рухани серпіліс туғызған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасында көрсетілген тағылымы мол тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді, құндылықтарымызды зерделеп,  жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру — уақыт талабы екені айтылды.Б.М.Мұсабеков,жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың тамыры тереңге кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарымызбен, ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие туралы айтты.Адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі екендігін жеткізіп, өзінің ұсынған «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты жобасымен таныстырды.  Н.Ж. Хасенов Ақтөбе облысының аумағындағы жаңа бастамалар, соның ішінде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру бойынша жобалар, жеткен жетістіктері мен нәтижелері туралы сөз қозғап, жастарды рухани мәдениетімізді түлетуге, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін дәріптеуге, ұлтжандылыққа шақырды.

«Рухани жаңғыру –ұлт рухының асқақтауы» кітап көрмесі ұсынылып, ҚазақстанныңжәнеАқтөбе облысының тарихи жерлері,  ұлы тұлғалары туралы сыр шертетін кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.

«Желкен» әдеби клубының мүшелері: №45 орта мектебінің оқушылары патриоттық өлеңдермен шараны өрнектеді.

 

Кәмила ІДРІСОВА,

Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар

кітапханасының бөлім меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *