Мектеп директоры Е.Т.Кайпулдаев, Жанділда Тұрар, Г.Танысхожаева, ұстаздар – Еркінбекова Айгүл, Бәкірқызы Ұлбосын


Қасым Аманжолов
,

                                                         «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
                                                                     Қараймын елесіңе мен таңырқап.
                                                           Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
                                                     Көрпемді мен жатармын қырда қымтап».

    Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін керемет жетістікпен басталды. Қарағандыда өткен  «Қасым оқулары» атты ХІІ республикалық  байқауда бас жүлдені  Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп — лицейі музыка пәнінің мұғалімі Тұрар Жанділда жеңіп алып, мектеп мерейін үстем етті.  

   Дәстүрлі  ХІІ Қасым оқулары  байқауына 18 жастан 28 жасқа дейінгі 30-дан астам көркем сөз шеберлері қатысып, бірінші турда  «Қасым Аманжолов – эпикалық жанрдың ақыны» тақырыбында эссе жазды. Финалға 10 адам өтті. Соңғы кезеңде олар ұлы ақынның поэмаларын оқудан жарысты.

    Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданының Гран-при иегері Тұрар Жанділда «Жамбыл тойында» поэмасын оқыды.

Мен 25 жастамын, мектепте ұстаздық етемін. Бұрыннан Қасым Аманжоловтың әндерін жақсы көретінмін, оларда ерекше мағына бар. Байқау өтілу барысы туралы  мектеп кітапханашысы Г.Б.Танысхожаеваның үлесі зор. Маған байқау туралы ұсыныс айтып, жан — жақты айтқан түсіндірген соң, қатысуға бел байладым. Дайындық барысында ақынның барлық өлеңін оқыдым, бірақ маған «Жамбыл тойында» поэмасы ұнады. Бәлкім, мен өзім Жамбылдан шыққандықтан шығар. Барлық қатысушы лайықты болды, барлығы жақсы дайындықтан өтті. Мұндай байқаулар қажет деп санаймын, өйткені олар Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттап, жаңа таланттарды ашуға бағытталған. Гүлбайра Беделханқызының да еңбегі бағаланып, Алғыс хат табысталды, — деп өз пікірімен бөлісті.

   Мектеп –лицейі ұстаздарымен қатар, шәкірттеріміз де жүзден жүйрік шығып, байқауларда топ жарып келеді. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толу мерейтойына арналған «Шешеннің тілі – семсердің сөзі» атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Онда мектебіміздің «Қызыл жебе» фракциясы  жүлделі ІІІ – орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.

КАЙПУЛДАЕВ Ербол Талантұлы,

Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп

лицейінің директоры.

Жамбыл облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *