Қасым – Жомарт Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті


«Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл ауқатымызды арттырамыз».

   Жамбыл аудандық Мәслихатында өткен кездесудебалалар мен жасөспірімдерге байланысты ой – пікірлер айтылды.

Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу, олардың жандүниесіне ұлттық рух пен париоттық сезім, адами құндылықтарды дарыту – бүгін отбасы, мектеппен ұйымдардың,шаруашылық басшылары мен қоғамның ортақ мәселесі. Жасыратыны жоқ, интернеттің жетегінде кетіп жатқан балалардың жадына ежелден қалыптасқан шынайы адамгершілік қасиеттерін, ұлттық салт – дәстүрімізді, рухани тәрбиені бірге дарыту – ортақ борышымыз. Осы аталған құндылықтарымыздың орындалуы үшін отбасында, өз ортасында еліміздің әр азаматы Ана тілімізде сөйлеп, бар болмысымен Туған тілді құрметтеп, қадірлеуі тиіс. Міне, біз оларға «Жаңа Қазақстанның»  болашағы деп сенім артамыз, – деді аудандық Мәслихат хатшысы С.М.Жұрын.

  Саят Мұхамедқалиұлы, көз алдымызда ержетіп келе жатқан жасөспірімдердің мамандық таңдауда қателеспеуіне аудан депутаттарының өмір жолы өнеге болатынын да айтып өтті. Ауданның ардагерлерінің, өткен шақта ғұмыр кешіп, өзінен кейін қалдырып кеткен мұралары бүгінгі ұрпаққа – таусылмас қазына іспетті. Мерейлі отбасыларының да тәлімі – тәрбиенің мәйегі. Балалардың жандүниесін ізгілікке бөлейтін қағидалар көбірек айтылып, еңбекке баули білсек, еліміздің әлеуеті артады. Үлкендердің әр ісінен жан – жақты тағлым алған бала – ертең өзі де дәл сондай өнімді еңбек етуге, одан нәтиже шығаруға ұмтылып, жаңа техника мен технологияларды заман ілгерілеуіне қарай меңгеріп, мамандығына адалдық танытатынын әңгімеледі.

   Республикалық  «Farabi shakirti» журналының бас редакторы, «Бас редакторлар клубының мүшесі», танымал журналист  Жанастан Тұрсынқызы, аудандық Мәслихат пен оның депутаттарының да бала тәрбиесін өз міндеттеріндегі жұмыстың бір тармағы деп елеусіз қалдырмайтындарына алғыс білдірді. Жасөспірімдер әр ісінен өнеге, тағлым алуы үшін алдағы уақытта Мәслихат депутаттарының әрқайсысының өзі еңбек ететін, басшылық жасайтын ұжымдарындағы игілікті істер жайында ақпарат алмасу – ұл қыздарымыздың туған ауылының, аудан мен облысқа танылған ағалар мен әпкелерінің «Жаңа Қазақстан» құрудағы қадамдарына бұлақ суындай қанығып, ержеткені мақтанышымызға айналсын деген тілек айтты.

    Айтылған  пікірлер негізінде «Ұмытылмас есімдер», «Тұлғалар тағлымы», «Ардақтысы елімнің» атты айдарлар топтамасын ашып, кешегі және бүгінгі еңбегімен еленген жандарды, ерлігімен ер атанған батырларды, еліміз бен халқымыз үшін жас та болса, жаңа мамандықтарды игеріп, жетістікке қол жеткізіп жатқан жігіттер мен қыздар туралы үнемі ақпарат құралдарында жариялануы жайлы ойымен бөлісті. Мәслихат тарапынан журнал ұсынған ұтымды ойластырылған жоба екені айтылды.

                                                              (Өз тілшімізден).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *