Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Былай қарағанда құйылып, төгіліп тұрған кәдімгі жырдан айырмашылығы жоқ сияқты. Бірақ осында орынсыз тұрған, басы артық бірді-бір сөз жоқ. Соңғы екі тармағында айрықша терең мағына бар. Абай өзінің ақындық лабороториясын тағы да асқан нәзіктікпен ашып тастайды. Сөздің жай шықпай, бойға үлкен әсер етуі ақынның еркін, шалқар шабытын ғана емес, «тілдің тоқсан толғауын» да сездіреді. Сонымен бірге Абай жеке-жеке сөзге ғана емес, солардың тіркесіп, байланысып келуіне, оның өзінше айтқанда «бас құрауына» айрықша мән берген.

Абай атамыздың бұл өлеңінің басты мақсаты – аудиторияға өз-өзіне сенуді үйрету.  Өмірде барлық адам өз қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған заттқа жету үшін тағыда адал еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе. Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу.«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене отырып шығармамды қортындылауды жөн көрдім. Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн.

Адам өз-өзіне ақылшы. Санада түйсік деген керемет досың өмір сүреді. Ол сені ешқашан алдаған еме және алдамайды. Жүректі тыңдай білген жан өмірдің келеңсіз тосынсыйларынан, шешуі шиеленіскен тұстарынан қиналмай, белесінен аса алады. Адамның жаңашыры да, ақылшысы да кеудесінде соғып тұрған жүрегі деп білемін. Қайратың мен ақылың жүрегіңе бағынса, сенен асқан кемел адам жоқ. Сондықтан өзгемен емес, өзіңмен ақылдасуды үйреніп, бейімділікке айналдыру керек. Жүрегіңнің қалауын орындау әрбір жер бетіндегі адамның ізгі мақсаты емем пе ? қиын-қыстау кезде, тығырыққа тірелген кезде, миын сұраққа толып кеткен кезде жүрегіңе ғана сең. Тек сонда ғана ісің алға баса бермек.


Дюсенғали Алина

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің,

журналистика факультетінің 1-курс студенті

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *