Мен «Мөлдір бұлақ» журналында 2004 жылдан бастап қызмет істедім. Ол кезде  «Мөлдір бұлақ»  пен «Қазақстан – Заман» газеті қызметкерлері бір офисте тату-тәтті қызмет ететін. Осы бірлескен компанияның президентінің орынбасары Рахымбай Ханалы ағаны күнде көріп жүрсек те, ол кісінің жары Априза Айтбайқызы — жеңгейді сирек көретінбіз. Ол уақыттары екі редакциядағы корпоративтік кештер мен мерейтойлар, мерекелік жиындар, табиғат аясына шығып демалу жиі өткізіліп тұратын. Жеңгемізді сол кездері ғана көретінбіз. Ондай жиындарда бастықтың әйелімін деп маңғазданып тұрмай, қарапайым ғана салмақты жүретін.  Ас қамдайтын қыз-келіншектермен бірге араласып кететін. Тіпті бірде Наурыз тойын  сол кісілердің саяжайдағы үйінде өте әсерлі өткізгенбіз. Ағамыз бен жеңгеміздің бірлесе дайындаған «дәмләмасының» тіл үйірер дәмі әлі аузымыздан кеткен емес.

   

    Өкінішке орай, Рахымбай аға кенеттен келген аурудан өмірден ерте озып кетті. Жақсы ағамыздың компаниядағы шаруашылық жұмыстары Африза жеңгеміздің мойнына артылды. Сол себептен басқа жердегі қызметіне қарамай, редакцияға жиі келіп, ара — тұра корроспенденция, мақалалар да жазып, біздермен қоян — қолтық араласып кетті. Бірақ соған қарамай «мен, мен» деп ентелеп, өзін жоғары ұстаған емес, сол баяғы қарапайым да, салмақты, кішіпейіл қалпынан айныған жоқ. Ал енді, өзгелерге, яғни, біздерге, әріптестеріне жақсылық жасауға келгенде, «жарқ» етіп алға шығып, жақсы істердің басында жүретін. Кәдімгі адам күлгенде, меруерт тістері «жарқ» етіп тізіліп көрінеді ғой. Сол сияқты жеңгеміз де жақсы істердің басында күндей нұрланып шыға келетін.

     Иә, иә, Рахымбай ағамыз да дәл сондай еді ғой… Ол кісінің де бастықпын деп шіреніп жүргенін көрген емеспін. Ал, қарамағындағы адамдарға жақсылық жасауға келгенде, ол кісінің алдына жан түскен емес. Екеуі қалай сай қосылған!..

    Жеңгеміздің ағамызға деген махаббатында  шек жоқ шығар. Ол кісінің атын жоқтатпаймын деп, ағамыз өмірден өткеніне көп жыл өтпей, «Бір шөкім бұлтсыз көңілі…» атты әріптес достары мен жақын ағайындарының естелік кітабын ұйымдастырып шығарып, өздері үй тіккен саяжайдың орталық көшесіне Рахымбай ағаның атын қойғызды. Жыл сайын берілетін Журналистер Одағы сыйлығының біріне Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықты тағайындатып, оза шыққан журналистерге өз есебінен сыйлық үлестіріп келеді. Иә, айта берсе, жеңгеміздің ұйытқы болған жақсы істері таусылар ма…

     Ағамызды жоқтатпай, Априза жеңгеміз ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, бүгіндері немере, тіпті шөбере сүйіп, балаларының бақытына бөленіп отырған жақсы жеңгеміз жетпістің төріне көтерілген екен, мерейтойы құтты болсын дейміз! Жақсы адамдардың ұзақ жасағанына не жетсін! Ендеше біз де жеңгемізге ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!

Өтекешова Меруерт Қаратайқызы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері.

Қазақстанның Халық әртісі – Асанәлі Әшімов

                                                                                           Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ,

                                                                                                                  жазушы.

                                                          Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының иегері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *