1-Мамыр- Бірлік,татулық,ынтымақ мерекесі күні құтты болсын!
Құрметті Қазақ елінің азаматтары, сіздерді, 1-Мамыр Бірлік, татулық, ынтымақ мерекесі күнімен- шын жүректен құттықтаймын!
Әр отбасына мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен байлық, бірлік, өз елін сүйетін, құрметтейтін, патриот ұрпақ тәрбиелейтін, ұлттық мүддені қорғайтын, қадірлейтін азаматтарым!
Қазақ халқымыз ежелден бауырмашыл,қонақжай,кеңпейіл,ұлтын сүйген, жат — жұртты бауырына баса білген, қандай қиын жағдай болсада-бір үзім нанды бөліп жеген, кеңпейіл дара, әрі дана халық.Қазақстан мемлекетінде 130-дан аса ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Көпұлтты мемлекетте бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту, үнемі бірлікте болу, бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешу, барлық қазақ азаматтарының міндеті мен басты ұстанымы деп санаймын.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі — еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай, күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын. Мемлекет дамып, көркейуі үшін ол елде тыныштық пен бейбітшілік маңызды деп санаймын. Қазақстанда мекен етіп жатқан кез-келген азаматтың міндеті: бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, өз Отанын мақтан ету, құрметтеу, борышы деп санаймын.
Еліміздегі ұлтаралық қатынастар, саяси бірліктер, ұлттар арасындағы достығымыз нығайып, берекеміз арта берсін.
САТЫБАЛДЫ Диас Сатыбалдыұлы
Абай атындағы РММИ, 11 сынып оқушысы.
Алматы қаласы