122 Әлем чемпионы, 301 Азия чемпионы және 572 ҚР чемпиондары

Түркістан облысының Шардара ауданынан шыққан спорт саңлақтары

Шардара ауданының спортшылары құрметке бөленді, — деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде 1998 жылдан бері тамыз айының әр үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде атап өтіледі. Қазақстанда мемлекет тарапынан спорт саласы қолдауға ие болған. Спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттық жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық мәслихат төрағасы А.Қарсыбаев және ардагер спортшылар мен спортшы жастар қатысты. Жиында алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары спортшыларды айтулы мерекемен құттықтады.

«Шардара спорты бүгінгі күні әлемді мойындатып отыр. Бұл дәрежеге жеткізген мемлекеттің қолдауы мен мына отырған сіздердің арқаларыңыз. Қазіргі таңда Шардара ауданынан 122 Әлем чемпионы, 301 Азия чемпионы және 572 ҚР чемпиондары шығып отыр. Бұдан бөлек түрлі дәрежедегі турнир мен біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жетерлік. Аудан халқының 32 700 тұрғыны, яғни 41 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сіздерді тағы да айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Б.Шомпиев.

Содан соң бірқатар спорт ардагерлері мен спортшыларға аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев спортшыларды құттықтап, өз атынан спорт саласына еңбек сіңірген ардагерлер мен үздікдерді марапаттап,алдағы уақытта спортшылардың бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенім білдірді.

ERNUR.KZ