Тәуелсіздік — ел еркіндігінің белгісі
«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген».
Жұбан Молдағалиев
Тәуелсіздік — ел еркіндігінің белгісі. Жалпы халық үшін маңызы зор ұғым. Осы жолда қаншама халық қырғынға ұшырады.
Өткен ғасырдың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қаншама жастардың өмірін жалмады. «Алаңға қазақ қыздарын ұрып-соғып жатыр дегеннен кейін бардым» — деген Қайрат Рысқұлбековтің сөзі үлкен тебіреніс пен толқынысқа алып келеді. Бұл оқиға қандас бауырларымыз Ерболдай ағамызды, қаракөз Ләззәт пен Сарбирадай әпкелерімізді аяусыз қалдырмады.
Қазақтың Керейі мен Жәнібегі «қазақ хандығын» құрып, «Алаш» деп ұрандап, түрлі соқпақтардан өтті. Олардың аққан әрбір терлері, еңбегі еш кеткен жоқ. Алаш қайраткерлерінің шындыққа жетудегі арман-тілектері де жауапсыз қалған жоқ.
Бейбіт елде өмір сүріп, уайым-қайғысыз күндеріміз ары қарай жалғасын тапты. Өзіміздің Әнұранымыз, тұғыры биік туымыз, тіліміз, дініміз, Елтаңбамыз шықты. Бұдан да басқа талай жетістіктерге қол жеткіздік. Түндіж арып шыққан жұлдыздай жарқеттік. Тәуелсіздігіміз сана сезімнің, рух пен жанның айнасы болды. Ал солай наны кірлетпеу біздің қолымызда. Алға қарай ұмтылып, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» сөзін жадымызда мәңгі сақтауымыз керек. Себебі бұл күн, бұл өмір ащы термен келген, тәтті жеміс! Мен осындай тарихы мен тамыры тереңге жайылған елдің азаматшасы екеніме ешуақытта өкінген емеспін!
«Абай дара қазақта»
Абай — қазақтан шыққан деп ғұламалардың бірі. Өлеңдерімен, қара сөздерімен оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алған ақын. Кішкентай кезінен бастап әкесі Құнанбайдың қасында жүріп нақыл сөздерді құлағына құйып, ұйып отырып тыңдады. Ілімін ұштап, жазушылыққа бет бұрды. Білімді де қатар алып жүрді. Ең алдымен білім мен ілімнің айырмасына жыр атып алайықшы.
Білім – біздің бойымыздағы асыл қасиеттердің, судан мөлдір таза, сүттен ақкөңіліміздің, адамгершілігіміздің жиынтығы. Ал ілім – біздің ілім ордасынан алып жатқан оқуымыз.
Әжесі Зеренің, әкесі Құнанбайдың көрегенділігімен үлкен ер-азамат болып ер жетті. Сол жылдары не жарық, не жайлы орын да болмады. Соған қарамастан майшамның көмегімен кітап оқып, ойлау қабілетін тереңдете алды. Зеренің тізесінде жатып ертегі орнына, аңыз, қарасөздерді тыңдады.
Абай атамыздың қандай өткелдерден өткенін білмейміз әрине. Бірақ, кімде — кім «Қалайша осыншама атаққа тап болды екен?» — деп, сұрақ қойса, ең бірінші асқар тау әкесінің, екінші өзіне берілген талантты ары қарай жалғастырып кетуінің арқасында жетті дер едім. Себебі, Абайды Абай еткен — Құнанбай. Әкесі ел адамы болғаннан кейін ауыл ақсақалдарымен жиынға көп баратын болған. Кішкентай Абай да еріп барып, әкесінің оң жақ тізесіне отырып, әңгімелерін тыңдаған. Ел мақтап, жақтайтындай азамат болды.
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» — деп, келер жастарға, халыққа сөз қалдырыпкетті. Артынан ерген ұрпақтары сыйлайтындай мәңгі із қалдырды. Абайдың тарихын білмеген, қазақ тарихын қайдан білсін? Сол себептен шыққан тегімізді ұмытпайық. Ал қазіргі кезде Абай атамыздың құрметіне есімі мектептерге беріліп, еңселі ескерткіштер тұрғызылды. Шет мемлекеттерде де, соның ішінде Түркия Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл тойына көшеге есімін беріп, ескерткіш тұрғызды. Әндерін орындап жүрген саналы жастардың бар екені қуантады.
А. Құнанбайұлы: «Егер адам баласының біреуінің ішінде ақылды да, қайрат пен жүректі де тең ұстайтын адам болса ол ең мықты адам.» Біз болашақта Абай атамыз сенім артқан жастардан болайық.
СЕЙСЕНҚЫЗЫ Зере,
Әуезов ауданы, 202мектеп-гимназиясының
10 сынып оқушысы.
Алматы қаласы