25 қазан – Республика күні: тарих һәм дерек

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор:

«25 қазан еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін – маңызды дата. Біз 25 қазанды асыға күттік. Қабылдағанда қатты қуандық. Содан бастап өзімізді тәуелсіз ел сезіне бастадық. 1991 жылы тәуелсіздік заңы қабылданды. Бүгінгі күні президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мерекелік датаны қайта жаңғыртып, ерекше мәртебе беруі — өте құптарлық қадам деп есептеймін». [1]

       Республика күні жай күн емес, яғни Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған ерекше күн. Осы күнде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалады. Бұл күнді мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастағанымен орны ойсырап, білініп тұратын еді, себебі тарихи маңызы ерекше. Республика күнінің тағы бір ерекшелігіне дәлел, бұл мейрам − ұлттық мереке. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығында ұлттық мерекеге тек Республика күні жататыны айтылған. Басқа іс-шаралар мемлекеттік мерекеге кіреді.

Еліміздің тарихына үңілсек, Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. 1990 жылы осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Аталған заңда 2009 жылы кейбір өзгерістер енгізіліп, 30 тамыз − Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 25 қазан − Республика күні мерекелік күндер күнтізбесінен алынып, күнделікті жұмыс күніне айналды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 16 шілдесіндегі Ұлттық Құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі туралы: «…Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек…» -деген еді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек.

Нәтижесінде, ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізді. Республика күні 25-ші қазан болып қайта тіркеліп, ел мәртебесі еңсесін көтеруде.

 

САТТЫБАЕВА Еркенур,

Абай атындағы РММИ

11 «Б» сынып оқушысы.

Алматы қаласы,

Дереккөзі: [1]El.kz;сурет — Turaninfo.kz