«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

«Отаншылдық – елдің негізі»

Тастұмсық ауылдық кітапханасы және «Нұр-бала» бөбекжай -бақшасы ЖШС-і ұжымымен патриоттық бағыттағы  26 наурыз күні «Отаншылдық – елдік негізі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатына бөбекжай-бақшаның  «Күншуақ» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері қатысты. Кітапханашы «Отаншыл тұлға деген кім?» атты  аудармашы  М.Кемелдің  әңгімесін оқып беріп,  тәрбиеленушілермен «Отан және мен» атты  танымдық ойын  жүргізді.

Жас  балдырған  оқырмандарымыз  Р. Мурат «Басты бақыт», А.Мирсахатова «Ел тірегі боламын»,  А.  Мустафаева «Отаным — Қазақстаным» атты тақпақтарды жатқа айтып берді. Тәрбиеші В. Кравченко «Отаншыл ұрпақ – ел ертеңі» деген тақырыпта сұқбат жүргізіп, балалардың санасына мемлекет тарихы,   мемлекетіміздің рәміздері туралы маңызды ақпараттар берді.

Тәрбие сағаты соңында  «Отаным – асқарым, сарқылмас бастауым»  тақырыбында бүлдіршіндерге арналған суретті кітаптардан  бүлдіршіндер кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты

Сәйкес жаңалықтар

Даниил Филимонов запустил бесплатный онлайн курс по робототехнике «BeyondRobotics»⠀⠀

Түсімде көрдім, Абай жолын

Ең жоғары 140 ұпай жинаған Жәнібек!