Мектеп – ең жылы естеліктер сыйлайтын ыстық мекен. Осы ыстық мекеннің бастауыш сынып оқушыларының қоржындарына тағы бір ерекше естелік қосылды. Осы дүйсенбі күні мектебімізге арнайы мамандар келіп, «Құмыра шеберлігі» атты мастер-класс өткізді.
Сабақ барысында оқушылар құмыра жасаудың негізгі тәсілдерін меңгеріп, өз қолдарымен бұйым жасап көрді. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың қол еңбегіне деген қызығушылығын арттырды.
Шеберлік сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мамандар әр оқушыға қыштан құмыра жасап, жеке қолдау көрсетіп, жұмыс барысында бағыт-бағдар беріп отырды. Сонымен қатар, іс-шара кезінде кәсіби фото және бейнетүсірілім жүргізіліп, оқушыларға әдемі естелік ұсынылды.
Айта кетсек, құмыра жасаудың пайдасы да өте көп. Құмыра жасау – адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, стресстен арылтатын, қолдың ұсақ моторикасын дамытып, шыдамдылық пен
қиялды шыңдайтын таптырмас шығармашылық терапия.
Бұл шеберлік сабағы тек оқушылардың ғана емес, ата-аналардың да көңілінен шықты.
ДАУКЕЕВА Алима,
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы
