«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Технология

ChatGPT

адам интеллектісінің серіктесі ме, әлде бәсекелесі ме?

Соңғы уақытта жасанды интеллект қарқынды дамып, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Білім беру саласында да, ақпараттық жүйелерде де оның маңызы артып келеді. Адам орындай алатын көптеген міндеттерді интеллектуалды жүйелер жоғары деңгейде жүзеге асыра бастады. Осыған байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасуда.

Әлеуметтік желілерде бұл тақырып кеңінен талқыланып, үлкен қызығушылық тудырып отыр. Кейбір көзқарастар бойынша, жасанды интеллект, соның ішінде ChatGPT, адам интеллектісінің серіктесі ретінде қарастырылады. Ал басқа пікірлерде ол адам ойлау қабілетіне бәсекелес ретінде бағаланады.

Жасанды интеллект адам интеллектісіне толыққанды бәсекелес бола алмайды. Ол – ақпарат іздеу, мәліметтерді жүйелеу және талдау үдерістерін жеңілдететін заманауи құрал. Ал терең ойлау, сезіну, шығармашылық қабілет пен жауапкершілік секілді қасиеттер тек адамға тән.

Адам өз білімін үздіксіз жетілдіріп, интеллектуалдық деңгейін дамытқан жағдайда, жасанды интеллект оны алмастырмайды, керісінше, мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы тұрғыдан алғанда, ChatGPT-ті бәсекелес емес, адамның технологиялық серіктесі ретінде қарастыру орынды.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект адамды алмастыру мақсатында емес, оған қолдау көрсету үшін жасалған. Ең маңыздысы – бұл технологияны тиімді әрі саналы түрде пайдалана білген абзал.  

ДАУКЕЕВА Алима,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

5G технологиясы елімізде қашан қолжетімді болады?

Тау-кен өндірру өнеркәсібін дамыту:Өскеменде ғылыми-технологтялық сессия өтті

Қазақстанда логистиканы дамыту: стратегиялық басымдықтар мен перспективалар