Қазақстанның жоғарғы металлургия мектебі 70 жыл бұрын Орталық Қазақстан индустриясын қарқынды арттыру жылдарында, 1953 жылы Қарағандыда Тау — кен институтының ашылуы Қарағанды үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан үшін үлкен оқиға болды.

     Бүгінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге еліміздің шекарасынан тыс елдерде де жақсы белгілі «Нанотехнология және металлургия кафедрасы» металлургия және материалтану мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды. Қазіргі уақытта кафедра жоғары оқу орны жүйесінің әлемдік деңгейдегі инженерлерді дайындауға көшу жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта Корпоративтік Университет кәсіпорындарында жұмыс мамандықтарының 4 орталықтары мен филиалдары ұйымдастырылған. Тәжірибелік дайындаудың көп бөлігі бұл орталықтар мен филиалдарға көшірілді. Студенттер кафедра филиалдарында өндірістің жетекші мамандарынан білім алады.

    *ҚарПТИ Орталық Қазақстанның индустриалды дамуын қамтамасыз етіп, жоғарғы оқу орындары (ЖОО) арасындағы социалисттік жарыста көшбасшы болды.

*Ал 1980 жылғы социалистік жарыста КСРО 870 ЖОО арасында тек екеуі: М. Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ жеңімпаздар қатарынан көрінді, екі рет «Алтын Құрмет» кітабына енгізілген. 1996 жылы Қарағанды политехникалық институты Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып қайта ұйымдастырылды.

*2020 жылы профессорлар М К. Ибатов, Исагулов А.З., Жетесова Г.С., Сулейменов Т.С., Квон Св.С. және Куликов В.Ю. ғылым және техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сонымен қатар кафедрада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Макашева А.М. тағы да басқа, елімізге белгілі ғалымдар табысты еңбек етуде.

Қарағанды — Қазақстанның индустриалдық орталығына айналып, өндірістің қара және түсті металлургия салалары, КСРО — дағы үшінші көлемдегі Қарағанды тас көмір бассейні игеріліп, өндірістің барлық саласы қарқынды дамыған уақыты еді. 1958 жылы Тау-кен институты политехникалық институт болып түрленіп, өңірдің өнеркәсіптік дамуына қажетті білікті мамандармен қамтамасыз етті. КСРО халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары мен ғылыми зерттеулер орындағаны үшін 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік политехникалық институты КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Қаулысымен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1960-шы жылдары Қарағанды политехникалық институтында жоғары инженерлік білім негіздерін алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы ҚарМТУ-ға келіп, құрметті қонақтар кітабында өз қолымен: «Мен осы оқу орнында – барлық Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін»,- деп жазба қалдырды. 1954 жылы Тау-кен институтының қабырғасында «Металдар технологиясы және металдар кедергісі» кафедрасы ашылып, оған алғашқы рет меңгерушілікке Қарағанды металлургия комбинатының зауыттың техникалық бөлімінің бастығы білімді де, білікті жас ғалым маман Евгений Иванович Шевцов шақырылды.

Ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенді жұмысының арқасында Е.И. Шевцов қысқа мерзімде кафедрада жұмысқа қабілетті, ұйымшыл педагогика -лық ұжымды ұйымдастыра алды, ол оқу процесінің материалдық базасы мен әдістемелік қамтамасыз етілуін қалыптастырып қана қоймай, зерттеу жұмысына да араласты. 1958 жылдан бастап кафедрадан инженер -металлургтер, ал 1961 жылдан бастап құюшы металлургтерді даярлай бастады. 1967 жылы Е.И. Шевцов қазақстандық және уралдық металлург-мамандармен бірге техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Политехникалық институт Қарағанды мен облыстың металлургия және машина жасау кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатты. Арнайы пәндерді оқыту үшін ол кафедраға жоғары білікті инженер-практиктерді –  белгілі домна инженері, металлургия комбинатының бас инженері болған Л.Г. Шумаков, құю цехының бұрынғы бастығы С.С. Раков, талантты металтанушы, бірегей беріктігі жоғары болаттың авторы В.Г. Кречмер, тамаша металтанушы және педагог, кейін кафедрада 30 жылдан астам жұмыс істеген А.Ф. Белякова, металдарды қысыммен өңдеудің мамандары Н.Х. Дәуілбеков және О.С. Меңдібаевтарды, құю өндірісінің технологы Д.О. Маниндер институттарының түлектерін даярлауда үлкен үлес қосты. 1964 жылы кафедра құю өндірісі және металдар технологиясы кафедрасы болып өзгерді. Кафедраның оқытушылар ұжымы Жукебаева Т.Ж., Кипнис Л.С., Каннуникова С.Г., т.б., мамандармен кафедраның оқытушылар құрамымен толықты.

Біздің түлектер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ШубаркөлКөмір» АҚ, «Сарыарқа ENERGY» ЖШС, «BapyMining» ЖШС, «Хром-Т» ЖШС, «БорусанМакина Казақстан» ЖШС ЖК, «КазБелаз» БК, «Евромет» ЖШС және т.б. ірі кәсіпорындарда жұмыстың күрделі əдістері мен технологияларын жақсы меңгерген. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Қазіргі таңда көптеген елдердің даму стратегиясында бірінші орынға адамзат потенциалын дамыту, яғни бесінші мен алтыншы технологиялық құрылысқа тиісті ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қабілетті адамдарды дайындау қойылады. Кафедрада табысты еңбек етіп отырған отыздан астам оқытушылар ұжымы оқу процесіне оқу — әдістемелік пен материалдық -техникалық кешендер дайындап және енгізген. Онымен қоса, кафедрада жаңа деңгейдегі зертханалар мен орталықтар: — «Металлургиядағы инновациялық технологиялар зертханасы»; — «Халықаралық материалтану орталығы»; — «Инженерлік профильдегі зерттеу зертханалары» ұйымдастырылған.Кафедра ұстаздары жас жеткіншектерге білім мен саналы тәрбие беру ісін ғылыми зерттеу жұмыстарымен сәтті ұштастыруда.  Тарих тұрғысынан алып қарағанда жас мемлекет болып табылатын Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал беделге ие, әлемдік саясатта толық құқықты белсенді субъект болып саналады.

Индустриалдық төңкеріс жағдайында жаһандану мен өндірістің аса қатты бәсекелестігі артуды. Индустрия жобаларын жүзеге асырудағы жетістік негізгі атқарушы инженерлердің біліктілігімен анықталады.Инновация мен қазіргі индустрия – бұл ағымдағы жүз жылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы. Мұның барлығы, қазіргі Қазақстанның жас азаматтарын дамыған өркениеттердің ғылыми — техникалық идеясы негізінде инженерлік базамен барлық құндылықтар мен жетістіктерді меңгеруге қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін.

 

САРКЕНОВ Берик Бейсенұлы,

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

ДОСТАЕВА Ардақ Мұхамедияқызы, PhD докторы, доцент міндетін атқарушы.

 

              Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті

         «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *