📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).
Жолдаған: автор Абдиразакова Кәусар
Қыз баланың шашы туралы сөз болғанда, әркімнің өз талғамы бар. Біреулер қысқа шашты ұнатса, енді біреулер ұзын шашты ерекше жақсы көреді. Меніңше, ұзын шаштың өзіне тән әдемілігі бар. Әсіресе, күтімі келіскен, табиғи ұзын шаш қыздың көркін аша түседі.
Бала кезімнен ұзын шашты әдеміліктің бір белгісі деп қабылдап өстім. Көп қыздың шашын өсіруге тырысатынын да байқауға болады. Бірі шашын жылдар бойы қимай өсірсе, енді бірі қысқартып алған соң қайтадан ұзартуға асығады. Өйткені шаш өсіру де оңай емес. Оған уақыт, күтім және шыдамдылық қажет.
Дегенмен, ұзын шаштың әдемілігімен қатар, оны күту де үлкен жауапкершілік. Шаштың ұштары жиі сынуы, шатасуы немесе күтімнің дұрыс болмауынан өзінің табиғи қалпын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан ұзын шашты тек өсіріп қана қоймай, оған дұрыс күтім жасау маңызды. Қазір қысқа шаш сәнге айналғанымен, ұзын шашқа деген қызығушылық әлі де жоғалған жоқ. Кейбіреулер ұзын шашты нәзіктікпен байланыстырса, енді біреулер оны қыз баланың ерекшелігі деп санайды. Бірақ шаштың ұзын не қысқа болуы адамның сұлулығын толық анықтай алмайды. Әр адамның өзіне жарасатын шаш үлгісі бар.Мен өзім ұзын шашты ұнатамын. Себебі оның түрлі үлгіде жинауға, өріп қоюға немесе жайып жүруге мүмкіндігі көп. Әрине, бұл қысқа шашты ұнататындардың таңдауын жоққа шығару емес.
Ең бастысы, адам өзіне ұнайтын келбетімен жүргені дұрыс. Соңында айтарым, ұзын шаш та, қысқа шаш та – әркімнің жеке таңдауы. Бірақ мен үшін ұзын шаштың орны бөлек. Себебі кейде адамның өзіне ұнайтын кішкентай дүниесінің өзі көңіл күйіне ерекше әсер етеді.
АБДИРАЗАКОВА Кәусар,
Алматы облысы, Кеген ауданы,
Кеген ауылы, «Ө. Жанабаев» атындағы орта
мектептің 11-сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
