«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Подкаст – жаңа буынның радиосы

Сурет: ЖИ, жодаған автор

Әлеуметтік желі дәуірінде уақытты тиімді өткізудің өзі үлкен мәселеге айналды. Әсіресе, жастардың күнінің жартысы Тикток пен Инстаграмдағы қысқа видеоларды көрумен-ақ өтуде. Дегенмен қазіргі күні жас буынға пайдалы бейнелер де аз емес. Жастардың өмірге деген көзқарасының өзгеріп,тұлғалық дамуына ерекше септігін тигізіп жүрген жазбалар – «подкаст» деп аталады.

Подкаст дегеніміз – аудио немесе видео форматындағы жазба, қандай да бір тақырыпқа арналған радиобағдарлама іспеттес.

Еліміздегі подкаст таралымдары соңғы үш жылда қарқынды дамыды.  Осыған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары көп қаралым жинау үшін түсірілген арзан бейнелердің авторларының фанатына айналды. Ал бүгінде олар тұлғалық дамуды алға тартқан ақыл-кеңестерді тыңдап, өз өмірлерінің жанкүйері болды.Әр подкаст-біз мән бермейтін тақырыптардың тереңіне үңілдіреді.YOUTUBE қосымшасының подкасттар бөлімінен қазақ тіліндегі подкасттарды көру қуантарлық жайт. Қазақ тілді контенттің дамуының жаңа деңгейінің  анық айғағы да подкасттар.

Қазіргі кезде Мақсұт Нәрікби, Абдрашид Түлкібай, Азамат Скаков, Жанерке Сейфуллина, Ерсін Сұлтан секілді пайдалы подкаст жүргізушілері бар. Подкаст авторларынан бөлек DOPE SOZ, KITAPAL, NARIKBI LIVE, AITARYM BAR сияқты танымдық бағдарламалар да бар. Әр подкастта қозғалған тақырып-өмірімізді 1 пайызға болсын жақсы жаққа өзгертеді. Өйткені подкаст тыңдау жаңа ұғымды түсініп қана қоймай, рухани және жан-жақты азық жинауға таптырмас құрал. Жастардың көбінің подкаст тыңдауы олар сол жазбадан моральдік проблемасының шешімін табады немесе ой түйетіндей ақпарат алады. Бүгінгі жаңа буын иллюзияны емес, шынайылықты жақсы көреді. Подкасттардың қаралымының артуы да шынайы спикерлер мен жүректен шыққан ойлардың бір арнаға тоғысуы. Подкаст тыңдау кішкене уақыт кітап оқығандай әсер қалдырады. Тіпті,  оқыған кітабыңызды талқылайтын орта таппасаңыз, кітап талдау подкасттарын көрсек болады. Пайдалы подкасттардың қонақтары да мол тәжірибелі, білімді, ізденімпаз тұлғалар. Олардың өз тәжірибиесімен бөлісуі, ақыл кеңестерін айтуы өмірімізді инсайтқа толтырады. Мотивациямызды үдетіп, тұрақтылық қалыптастырып кемелденуімізге жол ашады.

«Даналық — тыңдай білуден басталады», — демекші подкаст тыңдау тұлғалық өсуімізге және ойымызды анық жеткізуге өз септігін тигізеді. Подкаст тыңдау мүлдем қиын дүние емес, әлуметтік желідегі бос скролингке кетітін уақытты пайдалы дүние айырбастасақ болғаны. Ойды бірден түіп аламын десек үй шаруасын істеп жүріп ақ тыңдауға болады, тереңіне үңілемін десек қойын дәптеріміз бен қаламсабымызды дайындаймыз.

Подкаст-пікір айтатын емес, ой оятатын алаң. Осы алаңда ойлы адам болып бой түзейік!

САҒАДАТОВА  Айым  Әбілқызы,

Ақтөбе облысы, Алға қаласы,

«Алға мектеп-гимназиясы» 11-сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандағы жастар саясаты

Жанарына жас толтырып, жас сәбидің

farabi shakirti shakirti

«Ұлт  ұрпағының  саулығы – сүт өнімдерін  пайдалануда»