Университет – әр жастың өміріндегі жаңа кезең. Мектеп түлектері үшін университет кезіндегі әрбір кезең қызық. Университеттегі белсенді студенттер, түрлі ұйымдар. Мұның бәрі студент кездегі қайталанбас кездер. Мен осы жылғы жас түлекпін! Дәл осы сәттен универ өміріне қызығып кеттім.
Солайша,өз қаламдағы университеттегі ашық есік күніне бардым. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Маған универ атмосферасы қатты ұнады. Студенттер арасындағы белсенділік өте жоғары. Мамандық бойынша көптеген қоғамдық ұйымдар мені таңғалдырды. Әсіресе Журналистика факультеті.
Енді журфактың белсенділігін айтып жеткізу мүмкін емес. Мен ойлағаннан да асып түсті. Тіпті бөлек әлем десем де қателеспеймін. Бізге біздің алдыңғы аға, әпкелеріміз универдің корпусын таныстырды. Универдің аумағы да көлемі жағынан үлкен. Маған ұнағаны ҚазҰУ қалашығы. Тап бір саябақ секілді. Студенттер демалып, таза ауада сабақ қараса да болады екен. Маған тағы бір ұнаған нәрсе «Біз» театры. Нағыз шығармашыл жандар жиналған орта. Түрлі спектакль мен қойылымдар. Қызықты рөльдер.
Тездетіп жоғары оқу орнына түскім келіп кетті. Иә, бұйырса ол күнде алыс емес. Бастысы нәтиже. Талпынса, қаласа бәрі де мүмкін. Солай мен университетпен қимай қоштасып қайта келемін деп өзіме уәде бердім. 
АБДРАХЫН Ажар Ерланқызы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы,
«№19орта мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
