Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Өмір — бұл кинодағы немесе фильмдегі басты локация секілді. Себебі, фильмдегі барлық кейіпкердің рөлі өмір жолымен байланысты. Бірақ, фильмде барлығын алдын-ала сценарист жазып, актерлерге сөзін, болатын оқиғаны дайындап береді. Ал шын өмірімізді фильм ретінде қарастырсақ мүлде олай емес. Болашақта не болатынын болжап, білу қиын.
Бірақ, мен үшін бір нәрсе қызық. Егер менің өмірім фильм болса, мен онда қандай рөлді сомдап жүрмін? Мен басты кейіпкермін. Ең бастысы фильмде өзіме берілген рөлді жоғары деңгейде алып шыққым келеді. Фильмдегі басты кейіпкер мынадай адам: ашық, жарқын, мейірімді, кез-келген ортамен тез тіл табысып, жақын араласып кететін жан. Бірақ оның бір қасиеті бар. Ол бұл қасиетін жақсы ма, әлде жаман ба осы нәрсенің ара жігін ажырата алмайды. Ол аңқау әрі тез сенгіш. Кез-келген жанға рас екен ғой деп сенімі артады. Бұл қасиетін көрермен біраз сынға алды. Себебі олар біледі. Оған бұл әдетінің жақсылық әкелмейтінін. Керісінше өзі жапа шегеді.
Бірақ бұл жай ғана фильм. Шын өмірде мен де дәл сондаймын. Сыртқы бейнесі де сол. Алайда, қазіргі заманда кез-келген жанға сенім білдіру қиын. Мен болсам ол қасиетті өз бойынан байқадым деп аса бір айтпаймын. Керісінше мен үшін ол үлкен тәжірибе. Фильмдегі оқиғалар, түсірілген әр кадр менің шын өмірімде де мен үшін сабақ. Өмір ол фильмдегідей емес. Әр адамның тағдыры да әртүрлі. Бірінің дәм-тұзы ерте таусылса өмір атты киномен қоштасуына тура келеді. Ал кейбірі фильмге жаңадан кейіпкер ретінде еніп жатады. Шынайы өмір де фильм секілді: біз тек актерміз. Тек барлығымыз дәл осы өмірде бір кадрдамыз. Ең соңында басты кейіпкер есімі бас әріппен тек құлыптасында ғана жазылады. Өкініштісі осы.
Сол себепті қысқа метражды фильмде, өмірімізде бір-бірімізге сыйластық танытып, құрметтеп жүрейік. Кейін фильм аяқталғаннан кейін өкінбеу үшін. Себебі өткенді еш уақытта монтаждауға
келмейді.
АБДРАХЫН Ажар Ерланқызы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы,
«№19 орта мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
