«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Қоғам пікіріне тәуелді болу әлсіздік пе?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Өміріміздің әр күнінідегі әрекетіміз айналамыздағы адамдардың талқысына түсері анық.

Қоғам  – бізді қоршаған орта. Бес саусақ әртүрлі болса, әр адамның ойы да әр қилы болмақ. Біреу мақтаса да, даттаса да өзгенің ығына жығылмау керек. Қоғам пікіріне тәуелділік үрейді өршітіп, әлсіздікке жол ашады.

Қоғам – Жер шаршындағы 8 миллиард адамның ойына тәуелді болсақ, өмірімізді басқару мүмкін емес. Өмірде өзіне сенген адам ғана күшті тұлға болары сөзсіз. Мысалға, мен өзгенің пікіріне тәуелді  болып, болашақта жүзеге асыратын мақсаттарымнан бас тартамын. Мен үшін қорқақ қояндай ығып, қоғамның пікірінің бәрін елеп, өмірдің мәнін жоғалту – тұлғалық болмыстан айырылумен тең. Өмір жолынан тайған адам – нағыз әлсіз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап», — деп дана Абай айтқандай өзгенің пікіріне құл болмай, өзімізге сену қажет.

Қоғамның пікіріне  әрдайым құлақ түру  біздің жетістікке барар жолымызға тосқауыл қоятынын ұмытпайық!

САҒАДАТОВА  Айым  Әбілқызы,

Ақтөбе облысы, Алға қаласы,

«Алға мектеп-гимназиясы» 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Арманым мақсатқа ұласты

Ауыл және қала: өмір сүру деңгейі қайда жақсы?

farabi shakirti shakirti

Орталық Азия мен Қазақстанда алғаш рет авиациядағы гендерлік теңдік бойынша ИКАО аймақтық шарасы өтуде