«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Талпынған жас бар да, мамандыққа сұраныс бар

📸 Сурет: ЖИ (Жасанды интеллект)

Жолдаған автор: Бақытбек  Гүлжан, @gulzhan_bq

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қараой ауылындағы МДШО «Үлгілі орта мектебі» МКМ Республикалық 11- сынып оқушысы Бақытбек Гүлжан  «Farabi shakirti» журналы мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым сайтының Жас тілшісі атанды.

Мектеп директоры Утешова Жазира Ганиевна Гүлжанға жас тілші куәлігін арнайы өткен мектеп президентін ұлықтау шарасында тапсырып, игі тілегін арнады. Жаңадан сайланған мектеп президентін құттықтап, «Мектеп парламенті» жобасын мектепте жауапкершілікпен қарап, берген антына адал, ісіне тиянақты болуын тапсырды.

Қоғамның қозғаушы күші де, болашақтың жарқын кепілі де – білімді әрі талапты жастар. Бүгінгі таңда заман ағымы жылдам өзгеріп, еңбек нарығында жаңа мамандықтар мен тың бағыттар пайда болуда. Осындай кезеңде «Талпынған жас бар да, мамандыққа сұраныс бар» деген ойдың маңызы арта түседі.

Әрбір жас өрен өз болашағына бейжай қарамай, жүрегі қалаған кәсіптің қыр-сырын меңгеруге ұмтылса, оған қашанда жол ашық. Себебі қазіргі қоғамға тек дипломы бар маман емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа бейім, ізденімпаз кадрлар қажет. Өндіріс пен ғылымда, білім мен медицинада, ақпараттық технологиялар мен шығармашылық салаларда білікті жастарға деген сұраныс ешқашан толастаған емес.

Оқырманадарымыз арасынан суырылып шығып, журналистика мамандығын таңдаған жасқа тілекшіміз! Жаңа дәуірдің жастары жаңа технологиялар тілін меңгеріп келеді. Сондықтан болар, бүгінгідей ақпарат нарығында газет-журналға жазылушылардың санының азаюы – жаңаша бағытқа бет бұруға жетелеуде. Талпынған жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдап, таңдаған жолы – журналистиканың мықты маманы болуына көпір орнатудамыз десек, артық айтқандығымыз болмас. Биылғы қыркүйекте жаңа оқу жылы басталғалы бірнеше мектеп оқушысына жас тілші куәлігі тапсырылды.

Мамандық таңдау – өмірлік жолды айқындаумен тең. Егер жас буын өз қабілетін дұрыс танып, табандылықпен еңбек етсе, кез келген саланың биігін бағындыра алады. Талпыныс пен еңбек ұштасқан жерде ғана нағыз шеберлік қалыптасады.

Арманы асқақ, мақсаты айқын жастар барда еліміздің әрбір саласы жаңа серпінмен дами бермек. Ізденген жанға мүмкіндік мол, ал талапты жасқа сұраныс қашанда жоғары.

 «FSH» журналы мен www.farabishakirti.kz

желілік басылым сайтының Өз тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Абдусамадтың арманы

farabi shakirti shakirti

Мен жіберген қателіктерді сен қайталама

Бүгінгі таңдау-ертеңгі жетістік