«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан

халқына Жолдауынан
01 қыркүйек, 2023 жыл

    Су-тіршілік көзі. Ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70 пайызыы, ал өсімдіктердің тоқсан пайызы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Қазіргі таңда әлемде басты проблема – су тапшылығы. Осы себептен көптеген халықтар, адамдар жапа шегуде.

      БҰҰ мәліметінше, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегеді. Сарапшылардың бағалауынша, әлемде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмайды. Ал 1,7 миллиард адам тұщы суға мұқтаж. Әлемде таза судың жоқтығы мен антисанитарлық жағдайдың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қайтыс болады. Су шетіспеушілігінің себептері, климаттың өзгеруінің салдарымен, тұщы су экожүйелерінің ластануы арқылы су ресурстарын азайтатын адам әрекетімен, урбанизация мен жер пайдаланудың өзгеруінің салдарымен байланысты.

    Су мәселесі қандай? Халықтың тұрақты өсуі, су ресурстарын шамадан тыс пайдалану, қалалық суды бақылаусыз тұтыну, өнеркәсіптік ластану, ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындауы, жаһандық климаттың өзгеруі, сондай-ақ тұщы су ресурстарының табиғи шектелуі.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай адамзат суға пайызға және азық-түлікке, 20 пайызға көбірек мұқтаж болады. Жер асты суларына үлкен салмақ түсетінін мамандар зерттеп, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, 50 жыл ішінде жер асты суларын тұтыну 3 есеге артады. Жер бетінде су жоқ болса, құрлықтағы және ашық мұхит түбіндегі жасыл өсімдіктер жақын арада өледі. Ауадағы ылғалға сүйенетін сирек кездесетін өсімдік түрлері ғана қалады. Жауын-шашын мен бұлттың пайда болуы тоқтайды, яғни ауа райы тек желмен анықталады.

  Жерасты суларының тартылып, көршілес мемлекеттерден шекара арқылы Қазақстанға ағатын өзендер суының азайып кетуі биыл еліміздің диқандарына қатты соққы берді. Соның салдарынан ауыл шаруашылығымен тұрақты айналысатын Түркістан,  халқымыздың байлығы – алтын дән өсіріп келе жатқан астықты алқаптағы диқандардың еңбегі еш кетті.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тәжікстан астанасында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитіне қатысып, Тәжікстан астанасында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысында ссу мәселесіне тоқталды. Әрі су ресурсын үнемдеу үшін аймақ елдерін цифрлық технологияларды енгізуге үндеді. 

    Ертеңгі ұрпақтың қамын ойлаған әрбір жан күнделікті суды тұтынуда барынша үнемдеп пайдалануға құлықсыз екеніміз рас. Сол себепті, отбасындағы әр бала үйдегі суды барынша үнемдеп пайдалануды үйренуі қажет деп білемін. Әр кім бір тамшы судан үнемдесе, әлем халқы күніне бір мұхиттің суына пара-пар суды сақтап қалуға үлес қосады. «Тамшыдан теңіз құралады» — деп дана халқымыз тегін айтпаған. Біздің пайдаланған бір тамшы суымыз – жер астынан келеді. Жерасты сулары азайса, күн көрісіміз өте қиын жағдайға әкеліп соғатыны белгілі. Осындай су тапшылығына ұшырамас үшін қолымыздағы тіршілік нәрі судан бастап, қолымыздағы байлығымызды бағалай білейік, достар!

МЕЛС Дана,

Алматы қаласы, №169- мектеп-лицейінің

11 «А» сынып оқушысы

Дереккөзі:www.24.kz; Elitar.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *