Құсбегі Айшолпан Нұрғайыпқызымен farabishakirti.kz сайтының жас тілшісінің онлайн сұқбаты

—Айшолпан, сізді бүркітші өыз деп әлем таныды десек, артық айтқандық емес. Сол қыз қазір қайда екен?))

—Мен Моңғолия мемлекеті, Байөлке аумағынан боламын. Қарапайым ауылдың қызымын. Отбасымда әкем және анам, балалар 4 ағайындымыз. Қазіргі таңда мен Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы (SDU) -университетінің 4-курс студентімін. Филология факультетінде оқимын.  Мамандығым — қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

—Бүркітшілік пен аңшылық – ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы саятшылық өнері. Бүркіт баптап, аң алуға  жайлы айтып өтсеңіз

—Бүркітшілік өнері ата-бабамнан келе жатқан мұра. Атам, әкем, ағаларым бүркіт баптаумен айналысады. Мен кішкентайымнан бүркітпен бірге өстім. Сондықтан бүркітті баулыдым, қызығушылығым кішкентай кезімнен басталды.  13 жасымда Израиль фотографының арқасында әлемге «Бүркітші қыз» деген атпен танылдым. Содан бері көптеген фильмдерге түстім. Бірақ, осындай биік дәрежеге жетемін деу мүлде ойыма келмеді

—Өмірлік ұстанымыңыз, ата салт-дәстүріміздің жалғастыруға ниет еткен іні-сіңлілеріңізге  айтар кеңесіңіз қандай?

—Әр адамның, баланың да алдына қойған мақсаты, өмірдегі ұстанымы болады. Менің ұстанамым: Дана Абай атамыз қалдырған «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» — деген ғибраты. Өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс -әрекетіңе жауап бере біл! Өмірдің әр сәтінен сабақ ал! Өзгелерге айтар кеңесім әрқашан даму жолында болу қажет. Қазіргі заманда тіл білудің пайдасы өте зор. Сонымен қатар арман-мақсаттарыңа жету үшін қолдан келген әрекетті жасау керек. Алдымызға мақсат қойсақ, соңына дейін жете білейік! Ұлтымызды, туған тіліміз бен дінімізді құрметтейік. Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

 —Құрбымыз бүркітші қыздың көпшілік біле бермейтін қандай  жетістіктері бар?

—Мен туралы «Бүркітші қыз» (The eagle Hunters) атты деректі фильм түсірілді. Аталған фильм Оскар сыйлығына үміткер, әлем бойынша үздік 15 фильмнің қатарына енді. Ал, Австралия әншісі Сия Ферлер «Angel by the Wings» атты әніне клип шығарды. Сонымен қатар мен туралы фильмдер ғана шығып қоймай, «Бүркітші қыз» атты кітабым жарыққа шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Астана қаласында кітабымның тұсаукесерін жасадым. Қазіргі кітап таңда қазақ тілі, моңғол тілі, орыс тілі, жапон тілдеріне аударылып жатыр.

—Бүркітшілік өнерінің сізге көп пайдасы барын жетістіктеріңіз арқылы білдік. Әлі де ұмытып кетіп, айтылмай қалған тұстары бар ма?

—А! Иә)). Қасиетті қыран құсты рәмізде бейнеленген. Бүркіт — жыртқыш құс. Оны – мұзбалақ, ақиық, қараша деп атайды. «Құс патшасы — бүркіт» — дейді.

Киелі құс болғандықтан үнемі бағы мен қуанышы қатар жүретін болғандықтан осы құс арқылы әлемнің 31 мемлекетіне сапар шегіп, құрметке бөлендім.Өте көп мүмкіндіктерге жол ашылды. Соның ішінде өте керемет гранттарға ие болдым.

—Алдағы уақытта құсбегілік дамыту ойыңызда бар ма?

—Иә. Бүркітшілік жолымды одан әрі кәсіби түрде дамытуды мақсат етіп отырмын. Соның бірі – бұйырса, саятшылық  мектебін ашу. Әлемге «Бүркітші қыз — Айшолпан» ретінде танылдым. Алдағы уақытта «Білімді қыз — Айшолпан» екенімді дәлелдесем деген ниетімді де айта кетейін. Деседе,  көбінесе арман — мақсаттарымды көпшілікпен бөлісіп, жария етпеймін. Әйтсе де, арманның ұшқындары өзгеге ой саларына кәміл сенімдімін!

—Айшолпан, сұхбатыңызға рақмет! Алдағы уақытта армандарыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жетуге тілектеспін!

                                   

 

МОЛДАШЕВА Ақбөпе,

                 Е. Бекмаханов мектебінің оқушысы

                 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

                                                           Ұзынбұлақ ауылы.

Фотолар Айшолпанның жеке архивінен алынды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *