«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Жас тілшілерге куәлік тапсырылды

«Farabi shakirti» журналының электрондық нұсқасы мен farabishakirti.kz сайтының оқырмандары арасында шығармашылыққа бейім, әділдіктің ақ туы – журналист болуды армандаған шәкірттеріміз көп. Өткен 2022-2023 оқу жылында еліміздің облыстары мен Алматы қаласы мектептерінің он шақты түлегіне «Жас тілші» куәлігі берілді.

Сол жастардың барлығы дерлік қалаған мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті журналистика факультетінің студенттері атанды.

Биылғы оқу жылы басталғаннан көптеген оқушылар шығармашылықпен айналысуға ниет білдіргенімен, жазу жұмысына айтарлықтай басымдылық бере алмай келеді. Әрине, мақала жазу, іздену, тақырып таңдау – оқушыларға оңай соқпайтыны рас. Деседе, жүзден жүйрік шығып, редакциядан тапсырма алып, табанды жазуға ден қойып келе жатқан оқырмандарымыздың бар екеніне қуанамыз.

Ұлттық мерекеміз 25 — қазан күні қарсаңында, Алматы облысы, Шамалған ауылы, «Үшқоңыр» орта мектеп-гимназиясының оқушысы — Айша РАХИМБЕРДИЕВА, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Е. Бекмаханов мектебінің оқушысы Ақбөпе МОЛДАШЕВА, Алматы қаласы, №169 — мектептің 11 «А» сынып оқушысы Дана МЕЛС  farabishakirti.kz сайтының  Жас тілшісі атанды.

 

Суретте: «Үшқоңыр» орта мектеп-гимназиясының директоры –

Аубакирова Нағима Досболқызы,

жас тілші Айша, сынып жетекшісі –

Халенова Сымбат Касенханқызы.

Сәйкес жаңалықтар

11 жасар оқушы IQ жағынан Эйнштейн мен Хокингті басып озды

Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды

Сбор молодежи «Айбын-2020»