—Мен өз бағымды сынап көрмек мақсатта балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдарды  іздедім. «Farabi shakirti» желілік басылым-сайтына көзім түсті. Сайт арқылы журналдың нөмірлерін тауып алдым. Журналдың мұқабасы адамды өзіне ерекше баурап алады екен. Бір-біріне ұқсамайды. Сондай тартымды. Сыртқы келбеті әдемі журналдың ішкі парақтары да қызықты болатыны сөзсіз. Редакцияға хабарласып, тілегімді айттым. Журналистер маған бағыт көрсетіп, тақырып берді. Өзімнің де жазуға қабілетім бар. Жазғандарымды ұсындым. Жолдаған мақалаларым көп ұзамай сайтқа жариялана бастады. Мамандық таңдауда адаспадым деп ойлаймын,- деді Дана «Сен қалай Жас тілші болдың?» — деп сұраған құрбыларына.

Редакция ұжымы мектепке келіп, Дана Мелстің шығармашылығы, аз уақыт ішінде бірнеше мақала жазып үлгергенін әңгімеледі. Қабілетіне қарай, болашақ таңдаған мамандығы – журналист болуға жасаған алғашқы қадамына сәттілік тілеген журнал ұжымы Д.Мелсті жас тілші қатарына қабылдағанына тоқталды. Ұстаз еңбегінің жемісі- шәкірт жетістігімен баағаланатынын айтып өтті.

Шәкіртінің даралана білгеніне қуанған мектеп директоры – Алмагамбетова Патшагүл Оңғарбайқызы Данаға игі тілегін айтып, жас тілші куәлігін табыстады.

11- сыныптың жетекшісі Утегенова Алия Изтурганқызы, Дананың «farabishakirti.kz» сайтына жарияланған әр мақаласымен таныс екенін айтып, редакция ұжымына табыс тіледі.

                                                                                                            «FSH»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *