«Көркем еңбек» пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Елімізде соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар  білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Оқушының ойын жүйелеуде әртүрлі әдіс-амалдар қолданылады: -жаңа материалды меңгеру;-оқушыға бағыт беруғ яғни түрткі сұрақ, реплика беру; -оқушының өзін көбірек сөйлету; -тақырыпты бекіту; -игерілген білімді тиянақтау; -көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану.

Оқушының өз бетімен ізденісіне деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу, ондағы негізгі ойды бөліп алу; шығармадағы негізгі кейіпкер, оқиға, құбылыс туралы өз пікірін тұжырымдау; өз ойын дұрыс жазу, айту оқушының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, жетілдіруге, сөз қорын молайтуға, өзіндік көзқарасын орнықтыруға септігін тигізеді. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз.

Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұқбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуна көмектесетін амал. АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек.

Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады. Бұл жерде оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғайды. І топ ұлттық көйлек ІІ топ заманауи көйлек ІІІ топ тұрмыстық көйлек. Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Қалдықтармен жұмыс жасап,көйлектің эскизін дайындайды. «Талдау деңгейі» «Реттілік» кезеңі. Топтағы оқушыларға сұрақ парақшасы таратылады. Бұйымды әрлеп үтіктеу үлгі дайындау. Фурнитураларды (түйме,ілмек,гүл т.б) қадауматериалды пішу. Сызба дайындау бұйымды тігу. Оқушылар жеңіл көйлек дайындаудың технологиялық реттілігін дұрыс орналастырады.«Жинақтау деңгейі» бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды пікірге келеді.

Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу — оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі. Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа — әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым.

ТҰРЫСБЕКОВА  Ақбөпе Бақытқызы,

Алматы облысы, Іле ауданы,

№21 орта мектебінің көркем еңбек  пәнінің мұғалімі