Қазақ тілінің қоғамдағы беделін арттыру жастардың қолында

Сурет:https://egemen.kz/media/

Қазақ тілі-ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан асыл қазынамыз,еліміздің өткені мен болашағын тарих парақтарында қалдырып жазатын, жырлайтын байлығымыз. Соңғы жылдары қазақ тілінің қоғамдағы беделі төмендеп бара жатқаны туралы жиі айтылуда. Неге? Бұл сұраққа дауапты өз пайымдауым бойынша айтпақпын.

Бірінішіден, жастар арасында орыс тілін қолдану көбейіп келеді. Көп адамдар әлеуметтік желіде орыс тілін жиі қолданатын адамдардың барын байқау қиын емес.  Тіпті кейбір отбасы балаларымен қазақша сөйлеуді азайтқандай көрінеді. Соның нәтижесінде қазақ тілі күнделікті саудада, бизнесте, өзара сөйлесуде  айтарлықтай аз қолданылатыны туралы қоғамда талқылануда. Екіншіден, кей адамдар ана тілінің артықшылығын түсінбейді. Олар орыс немесе ағылшын тілін білу-табыс мен білімнің кепілі деп ойлайды.

Үшіншіден, көптеген жұмыс орындары орыс тілін талап етеді. Өзге тілдерді білу дұрыс дегенмен, өз тілін білмей өзге тілді білгеннен не пайда? Осы орайда Қадыр Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. деп өлең жолдарында айтқаны қазақша сөйлеуді ұят санайтын жастарға айтылған өсиет деп ұғуы қажет.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін оны күнделікті өмірде қолдану, мектеп пен жоғары білім беру орындарында қазақша оқытуды жақсарту керек. Мақсатымыз-қазақ тілін сақтау және дамыту. Осы ойымды өз өлеңімде былай жеткізгім келді:

 

Жерімізде шаба берсін сәйгүлік,

Елімізде тұрып жатыр көп халық.

Барлық ұлтқа сыйластық танытамыз,

Бұл біздің атымызға болады лайық.

Жастарымыз жасамасын жат қылық,

Өзге тілде сөйлеу сенің өз еркің,

Ана тілін ұмытпашы ешқашан,

Қазақ тілі жасау үшін мәңгілік!

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы