«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Наполеонның бойы қысқа болмаған

Сурет:https://akyldy.kz/

Тарихта Наполеонды жиі “бойы қысқа” деп сипатталуы, алайда бұл шын мәнінде жалған ақпарат! 

Кіріспе:

Бұндай жағдайға не себеп болды десеңіздер, оның тірі кезінде де тараған жалған өсек пен ағылшын саясаты екен.

Баршамыз білетіндей, Наполеон Бонапарт – тарих руханиятында есімі алтын әріптермен жазылатын Францияның тұңғыш императоры, әлем тарихындағы ең танымал қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің бірі.

Жалпы, аталмыш император саясаттың күшін мойындап, оны тіпті өз беделін қалыптастыру мен маңыздылығын арттырудың керемет әдісі деп таныған. Тарихта  Наполеон баспасөзге цензура орнатып, оны қатал түрде бақылағаны мәлім. Осыған ұқсас жағдайдың мысалы ретінде Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатын келтіре аламыз. Белгілі диктатор да газет-журналдарына Наполеон секілді өзі жайлы жаман ақпарат жазғызбаған. Императорды француз баспасөз көздерінде тек мақтап, бұл арқылы император ел алдында және тарих санасында өзінің «мінсіз басшы» бейнесін қалдырғысы келген. Алайда ол көзі тірісінде пайда болған “Француз императорының бойы қысқа!” деген өсектен өмірінің соңына дейін құтыла алмаған.

Негізгі бөлім: Тарихта бұндай миф қайдан пайда болған?

Наполеон небәрі 26 жасында капитан атанғандықтан және оның дене бітімі арықтау болғандықтан, солдаттар жас капитанға Le Petit Caporal, яғни «Кішкентай Капитан» деген лақап ат қойған. Бірақ, бұл лақап ат оның бойы кішкентай болғандығын білдірмейді. Қайта Наполеонның солдаттар арасында құрмет пен махаббатқа бөленгенін білдіреді.

Одан бөлек, ағылшын мәдениетінде Наполеонды суретшілер қысқа бойлы етіп 19 ғасырдың басынан бастап суреттей бастаған. Ал бұндай пропаганданың таралуына жол салып берген – 1803 жылы салынған Джеймс Гиллрейдің «Maniac-ravings — or — little Boney in a strong fit» деген суреті.  Онда Бонапартты кішкентай бойлы ерке әрі ақымақ ретінде көрсетеді. Артынша жалған сипаттамамен салынған ағылшын суреттер ағыла бастайды. Сондықтан сол портреттерді көрген адам ұлы қолбасшыны көбінесе бойы қысқа тұлға ретінде көзіне елестетеді.

Нақты фактілермен сөйлесек, қазіргі кезбен есептегенде Наполеонның бойы 158 метрден 168 метрге дейін жеткен. Сол кезде бұндай бой еркектердің орташа қалыпты бойынан ұзынырақ болған. Сондықтан Наполеонның бойы қысқа деу – дұрыс емес, ол өз заманы үшін сұңғақ бойлы ер саналған.

Қорытынды:Қорытындылай келе, Наполеон Бонапарттың бойы қысқа болмаған. Ол сыртқы факторлар әсерінен пайда болған жалған мәлімет. Осылайша, тарихтағы өз орны мен бейнесіне аса кіріптарлықпен қараған тұлға қоғам есінде «қысқа бойлы император» ретінде қалған…

НҮСУПҚАН  Тоғжан Рауанқызы,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Шәмшіні аңсау

farabi shakirti shakirti

«Журналистика әлемінің сұлтаны»

Қазақ киносының саңлақтары — Атақты режиссер Абдолла Қарсақбаев