Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Докторанттар:
Қуандыкова Іңкәр Рашидқызы,
Акимбаева Жазира Жайлаубековна,
Беркутбаева Махаббат Закановна
Қазіргі жаһандану жағдайында ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің халықаралық интеграциясы стратегиялық маңызға ие. Қазақстан Республикасында ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру және халықаралық ғылыми кеңістікке кірігу бағытында жүйелі реформалар жүзеге асырылуда. Осыған байланысты 2024 жылғы 1 шілдеде қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы ғылыми әлеуетті күшейтудің маңызды құқықтық негізіне айналды.
Зерттеу университеті мәртебесіне ие Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым мен білім интеграциясын дамытуда жетекші орын алады. Университеттің халықаралық ынтымақтастық саясаты жас ғалымдардың ғылыми тәжірибесін жетілдіруге және әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтуға бағытталған. Соның дәлелі ретінде ҚазҰУ-дың QS World University Rankings 2025 рейтингінде әлемнің ТОП-200 жоғары оқу орындарының қатарына енуін атауға болады.
Докторанттардың халықаралық ғылыми тағылымдамасы – ғылыми-зерттеу құзыреттерін жетілдірудің, жаңа әдіснамаларды меңгерудің және халықаралық тәжірибе алмасудың тиімді құралы. Осы тұрғыда Түркиядағы Gazi University базасында жүзеге асқан ғылыми тағылымдама жас зерттеушілер үшін маңызды академиялық тәжірибе болды.
Халықаралық тағылымдама барысында педагогика және білім беру менеджменті саласындағы заманауи ғылыми бағыттармен танысып қана қоймай, халықаралық ғылыми зерттеу жүргізудің тәжірибелік қырларын меңгеру мүмкіндіне ие болдық. Бұл академиялық орта біздің кәсіби көзқарасымызды кеңейтіп, ғылыми-зерттеу мәдениетіміздің қалыптасуына ықпал етті.
Халықаралық ғылыми тағылымдамадан өткен Gazi University педагогика және білім беру саласы бойынша Түркиядағы жетекші университеттердің бірі болып табылады. Университеттің педагогикалық бағыттағы тәжірибесі, цифрлық білім беру технологиялары мен білім менеджменті саласындағы зерттеулері халықаралық деңгейде танылған. Бұл ғылыми орта докторанттардың зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және жаңа ғылыми идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тағылымдама барысында ғылыми-зерттеу әдістерін жетілдіріп, халықаралық ғылыми тәжірибемен танысып, шетелдік ғалымдармен бірлескен зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алып, академиялық жазылым мәдениетін дамытып, халықаралық жарияланымдар дайындаудың талаптарын үйреніп, цифрлық статистикалық бағдарламалармен жұмыс істеу тәжірибесін арттырып, ғылыми зерттеулерді халықаралық этикалық стандарттарға сай ұйымдастыру қағидаларын меңгеруге мүмкіндік алдық.
Сонымен қатар ғылыми тағылымдама барысында академиялық мобильділік артып, ғылыми көзқарасымыздың кеңеюіне ықпал етті. Халықаралық ғылыми ортада жұмыс жасаудың мүмкіндіктерімен танысып, жаһандық ғылыми қауымдастыққа бейімделуге жағдай жасалды.
Қазіргі ғылыми зерттеулерде цифрлық технологиялар мен статистикалық талдау бағдарламаларын қолдану ерекше маңызға ие. Әсіресе педагогика, психология, әлеуметтану және білім беру менеджменті салаларындағы эмпирикалық зерттеулерде сандық деректерді өңдеу ғылыми нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Осы бағытта тағылымдама барысында IBM SPSS Statistics бағдарламасы бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтарды Yücel Gelişli жүргізді. Профессор авторларға статистикалық деректерді өңдеу, сауалнама нәтижелерін талдау және ғылыми қорытындыларды интерпретациялау әдістерін тәжірибелік тұрғыдан үйретті.
Тағылымдама барысында SPSS бағдарламасының ғылыми зерттеулер жүргізудегі бірқатар маңызды артықшылықтарын меңгердік. Атап айтқанда, бағдарламаның үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеуге мүмкіндік беретіні, статистикалық талдаудың кең ауқымды әдістерін қолдануға қолайлылығы және зерттеу нәтижелерін графиктер мен кестелер арқылы тиімді визуализациялай алатыны тәжірибе жүзінде байқалды. Сонымен қатар SPSS бағдарламасы ғылыми қорытындылардың нақтылығы мен сенімділігін арттыруға ықпал ететіні анықталды.
Тағылымдама барысында тәжірибелік сабақтарда корреляциялық талдау, регрессиялық талдау, факторлық талдау сияқты статистикалық әдістерді қолдану жолдарын үйреніп, оларды педагогикалық зерттеулерде тиімді пайдалану мүмкіндіктерімен таныстық. Бұл тәжірибе диссертациялық зерттеу жұмыстарын халықаралық ғылыми талаптарға сай ұйымдастыруға және эмпирикалық деректерді кәсіби деңгейде талдауға маңызды негіз болды.
Сонымен қатар тағылымдама аясында Prof. Dr. Mehmet TAŞPINAR жүргізген “Research Methods and Ethics” пәні докторанттардың ғылыми зерттеу жүргізу құзыреттілігін қалыптастыруда ерекше маңызға ие болды. Профессор ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін, зерттеу проблемасын айқындау, мақсат пен міндеттерді нақтылау, ғылыми гипотеза құру және зерттеу дизайнын әзірлеу мәселелерін жан-жақты түсіндірді.
Сабақ барысында сапалық және сандық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, ғылыми зерттеулердегі сенімділік пен валидтілік қағидалары, ғылыми деректерді жүйелеу мен интерпретациялау тәсілдері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар академиялық адалдық, плагиаттың алдын алу, дереккөздермен дұрыс жұмыс жасау және ғылыми этиканың халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік түсіндірмелер берілді.
Prof. Dr. Mehmet TAŞPINAR докторанттарға ғылыми мақалаларды халықаралық академиялық талаптарға сай құрылымдау, зерттеу нәтижелерін ғылыми стильде баяндау және дәлелдерді жүйелі түрде негіздеу жолдарын үйретті. Бұл тәжірибе авторлардың ғылыми-зерттеу мәдениетін
қалыптастырып, диссертациялық зерттеулердің әдіснамалық сапасын арттыруға ықпал етті.
Yücel Gelişli SPSS бағдарламасының ғылыми зерттеулердегі практикалық маңызын түсіндіре отырып, қазіргі академиялық ортада сандық талдау әдістерін меңгеру зерттеушінің маңызды кәсіби құзыреттіліктерінің бірі екенін атап өтті. Ал Prof. Dr. Mehmet TAŞPINAR ғылыми зерттеудің сапасы зерттеу әдіснамасының дұрыстығы мен академиялық этиканың сақталуына тікелей байланысты екенін ерекше атап көрсетті. Профессорлардың тәжірибелік сабақтары авторлардың зерттеу мәдениетін қалыптастырып, ғылыми деректерді жүйелі талдау және халықаралық деңгейде зерттеу жүргізу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.
Бүгінде халықаралық ғылыми ынтымақтастық жоғары білім беру жүйесінің басты басымдықтарының біріне айналып отыр. Әлемдік университеттер арасындағы ғылыми байланыстар ортақ зерттеулер жүргізуге, инновациялық жобаларды іске асыруға және ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Gazi University арасындағы серіктестік болашақта бірлескен ғылыми жобалар, халықаралық конференцияларға негіз болады. Мұндай академиялық ынтымақтастық жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық зерттеу кеңістігінде тәжірибе жинақтауына жол ашады.
Сонымен қатар халықаралық ғылыми тағылымдамалар мәдениетаралық коммуникацияны нығайтып, зерттеушілердің шетелдік ғылыми ортаға бейімделуіне ықпал етеді. Бұл үдеріс ғылыми дипломатияны дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Қорыта келгенде, халықаралық ғылыми тағылымдама – докторанттардың ғылыми-зерттеу әлеуетін
дамытудың маңызды тетігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Gazi University арасындағы академиялық ынтымақтастық жас ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми тәжірибе алмасуға және халықаралық зерттеу кеңістігіне бейімделуіне ықпал етеді.
Тағылымдама барысында алынған тәжірибе, соның ішінде IBM SPSS Statistics бағдарламасын меңгеру, авторлардың ғылыми зерттеу жүргізу сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Yücel Gelişli өткізген тәжірибелік сабақтар статистикалық талдау жүргізу дағдыларын жетілдіріп, халықаралық ғылыми талаптарға сай зерттеу жүргізудің маңызын айқындады.
Сонымен қатар Prof. Dr. Mehmet TAŞPINAR жүргізген “Research Methods and Ethics” пәні докторанттардың ғылыми зерттеу әдіснамасын терең меңгеруіне, академиялық этика қағидаларын сақтай отырып зерттеу жүргізуіне және халықаралық ғылыми стандарттарға сәйкес академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыруына маңызды ықпал етті.
Бүгінгі таңда халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту және заманауи зерттеу технологияларын меңгеру – жоғары білім мен ғылымның басты стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан ғылыми тағылымдамалар жас зерттеушілердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды академиялық алаң ретінде өзектілігін сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы №791 қаулысы.
- IBM SPSS Statistics бағдарламасы бойынша әдістемелік еңбектер.
