Павлодар облысында үздіксіз ІТ білім беру жүйесі құрылды

           Бұл туралы еліміздің Оқу — ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің өңірге жұмыс сапары барысында белгілі болды. Ақпараттық технологиялар колледжінде аймақтың кәсіпорындарының басшылары мен колледж директорларының қатысуымен «Өндіріске арналған кадрлар. Ұсыныс пен сұраныс» дөңгелек үстелі өтті.  

ІТ — колледждің директоры Серік Жартыбаев жаңғыртылған оқу кабинеттері,  жаңғыртылған оқу кабинеттері, 3 — D модельдеу, роботтық және электр техникасы, желілік әкімшілеу, грфикалық және веб — дизайн зертханаларының ашылуы туралы айтып берді.

  • Колледжде ашылған бизнес — инкубаторда жүзден аса табысты стартап жобалар құрастырылды, — деп хабарлады директор. — Біз Мicrosoft және Festo сияқты халықаралық компаниялармен, ІТ — HUB Академиясымен және Сколков ғылым және технологиялар институтымен әріптестік орнаттық.

Өзекті мамандықтар орталығының үйлестірушісі Айнұр Иманшәріпова осы желіні құру үшін 14 колледж тартылғанын хабарлады. Сонымен бірге, өңірде бес бейіндік хабтар – IT — Hub, Agro — Hub, Art — техникум, Креативті экономика, Рециклинг және қайта өңдеу хабтары құрылды.

  • Біз оқушылармен, студенттермен және NEET жастарының өкілдерімен кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргіземіз, — деді Айнұр Иманшәріпова. — Сонымен бірге, жұмыссыз жастарға өз кәсіптерін ашу және жүргізу бойынша қолдау көрсетеміз.

Облыстық әкімдіктің қолдауымен ІТ — колледждің базасында өңірлік  «Tandau» онлайн — платформасы құрылды.  Он төрт жасқа толған кез келген тұрғын платформада тіркеліп, өзінің біліктілігіне қарай жұмыс таба алады.  Жұмыс берушілер сервистің көмегімен өздеріне қажетті қызметкерлерді іздеп, жұмыскерлерді қайта даярлауға ұсыным бере алады. «Tandau» платформасы «Enbek.kz» және «HeadHunter» сияқты республикалық және халықаралық жұмыс іздеу жүйелерімен инетграцияланған.

Дөңгелек үстел барысында облыс әкімі өңірде еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.  Әбілқайыр Сқақов соңғы екі жыл ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін қаржыландыру жиырма бес милионнан жарты миллиард теңгеге дейін өскенін атап өтті.

  • Дуалды оқыту бойынша қолдау көрсететін ірі кәсіпорындардың демеушілік көмегі де аса маңызды, — деді аймақ басшысы. — Біз бұл жұмысқа орта және шағын бизнес өкілдерін тартып жатырмыз.

Облыс әкімі өңірдегі ІТ білім беру жүйесі туралы да айтып берді. Торайғыров университетінде ашылған ІТ-мектепке кез келген адам жазылып, қысқа мерзімді бағдарламалау курстарынан өте алады. Сонымен бірге, университетте білікті IT — мамандарды даярлау «Computer Science» факультеті ашылды.

  • Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында жүз мыңнан кем емес ІТ маманды даярлау туралы тапсырма берген еді, — деді Әбілқайыр Сқақов. — Жақын арада өңірде осы салада сұранысқа ие бес мың маман әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Дөңгелек үстелге қатысқан колледж директорлары мен кәсіпорын басшылары өзекті мәселелер туралы айтып, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту туралы пікір алмасты.

 

                                        Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

                                                      Суреттерді түсірген: Валерий Бугаев