“ Ойымды суретпен жеткіземін ”
Жаратылысы ерекше, сурет әлемінің ханшайымы Диана Сабыржанқызымен исклюзив сұхбат
Диана — қазірде архитектура мамандығында оқитын студент. Әрі ол бұл мамандыққа не үшін мақсаттанғаны және сурет өнері жөнінде айта кетті.
—Бейнелеу өнеріне қызығушылығым кішкентай кезімнен болған. Бала кезімнен дизайнер болуды армандап, алғаш сурет салуды өзім үйрендім. Кейін сурет үйірмесіне жазылып, оқуға түсуге дайындалдым. Арнайы өнер мектебінде оқымасамда осы өнер бойымда қалыптасқаннан соң, өздігімнен осы бағытымды дамыттым.
— Сурет салу қазір сен үшін не?
—Сурет ол мен үшін бөлек әлем. Мен ішкі жан дүниемді сурет арқылы көрсетемін. Тіпті сурет салу барысында өзімнің қиялыма еркіндік беріп, ойымдағы нәрсені сурет арқылы жеткізуге тырысамын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын.
—Өзің айтқандай, сен архитектура мамандығына оқуға түстің.Архитектур мамандығын таңдауыңа кім себепкер болды?
— Біле білген адамға бұл бір ғажайып мамандық. Еліміз ғана емес, әлемдегі адам баласы таңқаларлық сәулет өнері мен алып құрылыстар, биік ғимараттар мен тұрғын үйлерді айтпағанда аялдаманы орналастырудың өзіне архитектурдың сызбасы қажет. Архитектура және сәулет өнері бірнеше топтарға бөлінеді. Маған Атырау қаласындағы ерекше үлгіде салынған ғимараттар қалай салынды, салынып жатыр. Европалық стильдегі ғимараттардың сәулеті, ішкі дизайн қалай жасалады. Құрылыс жұмысымен кім айналысады деген сұрақтар төңірегінде біраз іздендім. Архитектура мамандығын таңдауымның бірден бір себебі — ғимарат құрылысы, қала құрылысы. Құрылым түрлері, қалай құрылатыны қызық болды. Әрі әр түрлі үйлерді әр түрлі ғимараттарды көре келе қызығушылығым артып,өзіндік жеке туымдыларымды шығарам деген шешімге келдім. Және бойымда осы талант түрі дарығандықтан осы мамандықты таңдадым.
—Архитектура мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсу барысында қандай қиындықтар орын алды? Қалай дайындалдың?
— Негізі шығармашылық емтиханға бір жыл бұрын ертерек ертерек тыңғылықты уақыт бөліп, айналыса бастадым, Ал, ҰБТ — ге 11- сыныпта мектеп бітіретін барлық түлектер сияқты дайындалдым. Қосымша шығармашылық емтиханымды бірге алып жүрдім. Шынымды айтсам айтарлықтай қиындық болмады. Мүмкін, уақытымды текке кетірмей еңбектендім, әрі өзімнің білімімнің жан – жақтылығы, тәжірибелік сынақтарда алған ұпайларым арқылы грантқа түсетініме сенімді болдым.
—Әлем құрылыс нарығында “архитектура” мамандығы сұранысқа ие. Қазіргі жаңа технологиялардың дамыған заманында оның әр саласына білікті мамандар қажет. Өзіңнің таңдаған мамандығыңныңжетістігін қалай болжайсың?
—Қай мамандықты алсақта, жүрек қалаған мамандығыңның жемісін көру үшін тынымсыз еңбек керек. біліктілік өзінен келмейді. Ізденістен, ойлау мен жауапкершіліктің нәтижесінде жүзеге асады. Мен заманға лайыұ сұранысқа ие көпқабатты үйлеердіңғ ғимараттар мен мектептердің, балабақшалардың ішкі көрінісіне сән беретін дизайнер – архитектор боламын. Сондықтан, мен құрылысқа қажетті қажетті барлық дүниені қағаз түрінде емес, компьютер яғни электронды нұсқада дамытамын деген ниеттемін.
—Диана, мамандығыңның тарихы туралы айтып берші.
—Сәулет — құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.
Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Бүгін, мұндай қарапайым құрылыс материалдарын жаңа технология негізінде дайындаған, зауыттарда арнайы құйылған түрлі конструкциялар алмастыруда. Еліміздің Астанасы, Алматы мен Шымкент қалалары мен барлық облыс орталықтары жаңа үлгідегі архитектура мен сәулет өнерін пайдалануда.
—Өте керемет! Диана, алдағы уақытқа тек сәттілік тілеймін! Сұқбатыңа көп рақмет!
БИСЕМБАЕВА Гульнасип,
Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов
атындағы мектептің 11 сынып оқушысы.
www.farabishakirti.kz сайтының жас тілшісі