Полиглот

Көп тіл білетін адамдарды полиглот дейміз.

Қазіргі кезде көп тіл білетін адамдар туралы айтсақ, таңданбаймыз. Білімді жастар арасында бірнеше тіл білетін өз елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде еңбек ететін жігіттер мен қыздар көп – ақ. Бұрынғы заманда тіл білген адам ең қадірлі саналған. Сонымен, олар жайлы білетінімізбен бөлісейік.

***

Әл — Фараби, тарихи деректер бойынша 70 — ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, геонрафия, жаратылыстану,  математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген.

***
Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

***
Белгілі қазақстандық және ресейлік тарихшы, прозашы, ақын, әлемге Шоқан Уәлихановтың есімін танытқан Сергей Николаевич Марков түркі тілдерінің көбін білген, тіпті санскритті де меңгерген.

***

Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдерін сөздіксіз аударады. Өзбек, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқи алады, сөздік арқылы тәржімалайды.

***

Ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал Джузеппе Каспар Меццофанти туралы көп айтылады екен. Байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.

***

Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде -итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдері де бар. Бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.

***

Британ журналисті Гарольд Уильямс сексен тілді біледі. Ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған екен.

***

      Вилли Мельников Афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осындан кейін оның тіл меңгеруге деген адам сенгісіз қабілеті пайда болады. Ол 93 тілде өлең жазады.

***

     Иштван Даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. Тіл үйренуін жалғастыра берген Иштван Даби 103 тіл біледі.

      Диана Ғалымжанова13 тілді жетік меңгерген. Бүгінде 26 жастағы ару шет тілін жас­өспірім былай тұрсын, зейнеткер әжелер де еркін оқытып жүр. Шамамен 5 мыңнан аса шәкірті бар.

***

        Гаухар Байметова – қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Бүгінде ол Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті мұғалімі. Ол аталған мектепте 14 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беріп келеді.

Бүгінде жаһанда қолданыста жүрген 7 мыңға жуық тіл бар. Оның ішінен топ ондыққа ағыл­шын, қытай, хинди, испан, араб, орыс, бенгал, индонезия мен португал және француз тілі енді. Қазір жер шарының үстінен үстемдік ететін қытай тілінде 1 284 млн адам, испан тілінде 437 млн, ағылшын тілінде 372 млн азамат жатық сөйлейді.

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Шыңғыс Қайыржановты айтуға әбден болады. Аз ғана уақыттың ішінде әлемнің бірнеше тілін меңгеріп, алпауыт елдің атақты университетінде білім алған. Орыс тілі, ағылшын, түрік және италиян тілі.

—Түрік тіліне мектепте оқып жүргенде қызықтым. Сөйтіп, өз бетімше оқып үйрендім. Ал италиян тіліне шетелде оқып жүргенде қызығушылық басталды. Бұл тілді қазір де оқып жүрмін, дейді Шыңғыс Қайыржанов.

Дереккөзі: «egemen.kz»; «Bilimpaz.kz»; «В контакте»; gov.kz; e-history.lz