«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Шымкенттік оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық сайыста жеңіске жетті

Бұл жеңіс -тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі.

Шымкенттегі Cambridge Line оқушылары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық білім сайысында ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді.

21–26 қаңтар аралығында ұйымдастырылған беделді жарыста біздің оқушылар 2 дисциплина бойынша — физика және астрономия/жаратылыстану ғылымдары бағытында бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді. Бұл – білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеу әр оқушы үшін үлкен тәжірибе әрі болашаққа сенімді қадам.

Жеңімпаздар — Қасымбек Ғаламат және Бақытжан Әлмен — 10-сынып, Дәуренбек Рания — 7-сынып оқушылары. Оқушылардың бұл жетістігінде жетекшінің еңбегі ерекше.

Пириев Эльшан — кәсіби бағыт-бағдар беріп, шәкірттерінің әлеуетін ашуға зор үлес қосқан жетекші.

Бұл жеңіс -тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда көк туымызды желбірете беретініне сенім мол.

ERNUR.KZ ақпараттық порталынан алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Жастар – елдің болашағы

Маңғыстауда бұзақылық жасаған баласы үшін анасы 374 мың теңге айыппұл арқалады

Мамандығымды таңдадым