Тұран баһадүрлері

Қазақстан Ұлттық кітапханасы «Фолиант» баспасы «Qazaq book fair» кітап көрмесі – жәрмеңкесін өткізді.

Кітап көрмесі – жәрмеңкесіне орай елімізге танымал балалар жазушысы, журналист Кеңес Оразбекұлының «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» кітабының жаңа нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Жиынға оқырмандар, жазушылар мен Ұлттық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кітапсүйер қауыммен кездесуді «Кітаптар әлемі» жобасының жетекшісі Салтанат Әбдіғали жүргізіп отырды. Жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш бастап сөз сөйлеп, жазушы Кеңес Оразбекұлының жазу ерекшеліктері, балалар талғамына сай шығармалар жазатынына тоқталды. Еңбекқор, ізденімпаз, жасөспірімдерге арналған  тақырыпты дөп таңдай алатын жазыушының шығармаларын оқырмандар қызығып оқитынын әңгімеледі.

«Фолиант» баспасының қызметкері, автор кітабының редакторы Нұрсұлу Байболатова шығарманың жалпы мазмұнын қызықты әңгімелеп берді.

Оқырмандар алдында сөз алған жазушы К.Оразбекұлы кітап жазудың сыры, тұсауы кесілгелі отырған «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорық» шығармасының дүниеге қалай келгені туралы баяндады.

Одан кейін кітаптың тұсауын Н. Ақыш пен «Дәстүр» бірлестігінің жетекшісі кесті.

                                                                                                 (Өз тілшімізден).