«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Қазақстандық оқушылар Regeneron ISEF халықаралық ғылыми-инженерлік көрмеде беделді марапаттарға ие болды

1-17 мамыр аралығында Лос-Анджелесте оқушыларға арналған дүниежүзілік ғылыми-инженерлік Regeneron ISEF 2024 конкурсы өтті. Қазақстанның үш оқушысы беделді марапаттарға ие болып, 100% нәтижеге қол жеткізді.

Жобадағы жетістіктері үшін Әбілмансұр Рахметуллаев, Саяжан Жақсығалиева және Әлихан Жарболов түрлі санаттар бойынша үздік деп танылып, жобадағы еңбегін бағалау дипломдарына ие болды.

Сондай-ақ дарынды жас ғалымдар Король Абдулазиз және оның серіктестері қоры атынан «Маухиба» арнайы сыйлықтарына ие болды. Оларға Король Фахд мұнай және минералдар университетінде оқу үшін толық қаржыландырылған білім гранттары табысталды.

Арнайы сыйлық қатысушыларға қаржылық мәселелерге алаңдамай, оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың академиялық және ғылыми жұмыстарға назар аударуы үшін мүмкіндік.

Айта кету керек, Regeneron ISEF – 70-тен астам елден 2000-ға жуық қатысушының басын қосып, оларға өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсетуге және дүние жүзіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ауқымды шара.

Оқу – ағарту министрлігінің ресми сайтынан.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Урок: «Объединение множеств с одинаковым количеством элементов. Умножение»

Алматылық оқушылар математика және механика бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қолданыстағы жаңа сөздер