«Алғыс — жүрек тынысы»

«Алғыс алған  — абырой» деген түркінің ұлы ойшылы – Сағдидың қанатты  сөзін негіз  етіп,  алғыс айту күніне орай Олег Кошевой атындағы  шағын жинақты жалпы білім беретін білім мекемесі және  Тастұмсық ауылдық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен   «Алғыс — жүрек тынысы» атты этностық  кездесу кеші өтті.

Кешті «О. Кошевой» атындағы   ШЖЖОМ  директоры — Исламкулов Берік  сөз алып:

—Алғыс айту, алғыс алу – ұлттық тәрбиенің ажырамас бір бөлігі. Көктемнің алғашқы күні жер-Ананың жаңару кезеңімен тұспа-тұс келген мерекені еліміз халқы 2016 жылдың 1-наурызынан  атап өтіп келеміз. Бұл күннің мән-мағынасын әр отбасы үйінде балаларына түсіндіріп, алғыс айтудың маңызына тоқталады деп білемін. Ата-анаға, тілі басқа болғанымен жүрегі бір көршілерімізге, әріптестерімізге, олардың қазақ халқына айтар алғысы жүректен шығып, күнде жүрекке жетіп жатса, міне нағыз ризашылықтың гүлденгені, -деп мектеп мұғалімдерінің осынау қайырымы мол іске риясыз қосып  келе жатқан үлесіне тоқталды.

Тарих табыстырған бауырлас ұлттың өкілдері мемлекет құраушы ұлт өкілдеріне  алғыс айтып, бірлігімізді нықтай түсуге арналған іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалының мамандары,  Тастұмсық ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы мен мүшелері, Тастұмсық ауылдық  округі аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Жыланды ауылының биі, Жаскешу ауыл округі әкімінің орынбасары мен Жыланды ауылындағы  ардагерлер  қатысты.

Іс-шарада Г. Бельгердің хаттары негізінде «Алғысым қазақ халқына» атты  тарихи монологтық қойылым оқырмандар назарына ұсынылды. Жас оқырмандар бауырластық және алғыс айту күніне арналған өлеңдер оқыды.    Қазақ, орыс, түрік, әзірбайжан, тәжік сынды халықтардың    ән — билерімен жалғасты.

О. Кошевой жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашысы Тамаша Османова  «Алғыс айта білесіз бе?»  атты психологиялық  сауалнама жүргізсе, Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы  «Ұлт тірегі — татулық» атты   баяндамасымен таныстырды. Кітапханашылар «Татулықтың  бесігі- Қазақстан» атты кітап көрмесін таныстырды.

«Алғыс айту  — адамдық тамыры» атты арнайы сюжет көрсетілді.

Түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Ахмедов  Алладин:

—Тәуелсіз мемлекетімізде жыл сайын 1 наурыз — алғыс айту мейрамын атап өтеміз. Бірлік пен берекенің арқасында тұрақты дамудамыз. Елдің ырысы асып,  берекесі тасуда. Мемлекетіміздің дамуына әр қазақстандық секілді біз де үлесімізді қосып, болашақ үшін еңбек етудңңміз, — деп атап өтті.  Тастұмсық ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы  Тулемисов Әбдікәрім, Алғыс айтудың мәні мен  тағлымының жас ұрпақ тірбиесінде алатын орны туралы ойын ортаға салды.

—Ақын Мұхтар Шаханов:«Өсер елдің қай кезде де бірлік болмақ қалауы» — деп жырлаған. Бірлік — бәрінің бастауы. Тәуелсіздіктің 35 жылында    рухани келісім мен шынайы достық — елдік мұраты. Осы мұраттан айнымайық!  —  деп көпшілікті құттықтап,  ақжарма тілегін айтып, ақ батасын берді.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты