«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Қазақстандық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

27 наурыз 2026

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды.

Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан оқушы 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды.

Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды. SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтижелер көрсетті.

Мектеп бағдарламасы аясында ғылыми жобалармен айналысты. Мектептің қолдауымен халықаралық ғылыми бағдарламаға іріктеуден өтіп, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен білім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқу барысында Бөрте академиялық жүктемені әлеуметтік және шығармашылық бастамалармен ұштастыра білді.

Үздік шәкірттің айтуынша, Harvard University-ге түсу жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесі болды

Ақпарат Оқу-ағату министрлігінің ресми сайтынан алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Биылғы күзде Қазақстанда алғаш рет Инклюзия бойынша Бүкіләлемдік конгресс өтеді – оқу-ағарту министрі арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Sinovation Ventures негізін қалаушы Ли Кай-Фумен білім беруді цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын талқылады

«ҰБТ: оқушының арманы ма, қоғам талабы ма?»