Амангелді Имановтың еш жерде жарияланбаған портреті табылды

                     Астана қаласында Аманкелді Имановтың

                            150 жылдығына орай  көрме өтеді.

 

Ұлт — азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, батыр Амангелді Имановтың еш жерде жарияланбаған портреті табылды. Сурет 70 жыл бұрын салынған, -деп хабарлайды Экспресс К.

 

Батырдың құнды портреті жайлы «Хабар — 24» арнасы хабарлады кеше. Дерекке сүйенсек, портрет Қостанайдағы облыстық өлкетану мұражайынан табылған. Бұл сурет ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай 1956 жылы салыныпты. Авторы — Крутильников деген суретші. Содан бері еш жерде көрсетілмеген. Мұражай директоры Батырхан Жұмабай көне жәдігерді Астана қаласында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына орай өтетін көрмеге материалдар іздестіру кезінде қоймадан шыққанын айтып берген.

  • 70 жылға жуық уақыт ішінде еш жерде жарияланбаған. 3 сәуірде Елорда төрінде, Астанада жарыққа шығарылады. Бұл көрме тек Астанада ғана болмайды, әрі қарай бізде Ақтөбе облысы сұратып жатыр. Жаз мезгілінде Абай облысында көрсетеміз»,- деп Мұражай директоры жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Батырдың портрет — плакаты сол өткен ғасырдың ортасында қазақ мемлекеттік баспасынан 15 мың данамен басылып шыққан. 1 данасының құны 1 сом 25 тиынға бағаланған екен. Қоймадан сонымен қатар балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері табылған.

 

Фото:

«Хабар — 24» арнасының видоесынан алынды.