«Анам туралы ойым»
«Ана!» деген бір асыл сөз қаншама мағына беретінін ойлаңызшы! Осы сөзді естіген жан қаннен — қаперсіз тұра алмас. Неге? десеңіз: бұл сөздің өзінің астарында қаншама құндылық жатыр. Біз суды да тіршіліктің қайнар көзі деп, онсыз тіршілік күннен күнге солғын тартып жоғалатынын жақсы білеміз. Сол секілді «Ана» дәл осы дүниенің ең ғажайып тұлғасы. Шыр етіп дүние есігін ашқан кезіңнен бастап, сенің болашағыңа, өсіп, ержетуіңе, сенің жағдайыңды ұғынатын жәудіреген екі көзіңнен сені бірден түсінетін ақылшың. Сені әр секунд, әр минут, әр сағат, әр күн сайын ойлап, тоғыз ай құрсағында көтеріп, сенің адам болып қалыптасуыңа үлкен ықпал жасайтын періштең. Ақылы тасқан ғалым да, күші толған батыр да, ұлылығында шегі жоқ данагөй болса да анадан туады. Тіпті жұмақтың кілті де ананың табанының астында деп бекер айтпаған екен ғой, шіркін!
Бірақ, анасының қадіріне жетпей жетесіздікке еріп, жетекке жүрмей, аяғын шалыс басып жүрген нағыз ақылсыздық пен тасжүректіліктің белгісі. Әрбір ананың жүрегі балам деп соғады. Сені ақ сүтімен нәрлендіріп, жылы құшағында ұйықтатып, саған бар жақсылықты тілеп, алысқа кетсең уайымдап, жарысқа кетсең жеңіс тілер асыл тұлға. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген-ана. Бесігіндегі періштесінің болашағына уайымдап, «осы баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын», — деп баласы үшін шырпыр болатында ана емес пе? Әрбір тәй-тәй басқан қадамына қуанып баласының езуіне күлкі иірер де — Ана ғой. Өз білгенін үйретіп бойға дарын қондырар да, жаман әдеттен тыйып жақсылыққа жол бастап беретін де — Ана.
Осы айтқан сөздеріме менің Анам лайықты. Тіпті жазып жатқан туындының атында «Анам туралы ойым» деп бекер айтпадым. Ендігі мен өз анам жайлы ой толғап айтар болсам: Анамның толық есімі: Нүрпейісова Ақмарал Жаңғабылқызы. 1978 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Менің атам мен әжемнің бірде — бір баласы тәрбиесіз өспеген. Жаратушы берген бес құлынын бағып қиындыққа мойымады. Анамның өзінен басқа төрт бауыры бар. Ағалары: Айдос, Жандос. Сіңілісі: Ботагөз, кенже інісі: Амандос. Атам мен әжем бүгінге дейін айтушы еді: «балаңның алдында алса да артында қалдырмас», — екен деп бірақ тағдырға талас та жоқ, ашу да жоқ. Жаратушы өзі бергенімен із суытпай өзі алды. Сонша аялап, мәпелеп өсіріп енді қызығын көрем дегенде тұңғыш ұлы мен қыздың кенжесін мәңгілік сапарға аттандырды. Үйдің үлкені артынан ергендерге ақылшы болып басу айтар тұңғыштары Айдос, анамның артынан ерген қыздың кенжесі Ботагөз тағдырдың басқа жазғанымен жарық дүниеден озған еді. Арада біраз жыл өтсе де ата-ана жүрегі әлі де балаларын сағынады, анам бауырларын іздейді. Әрине, бұл өмірдің заңы. Менің анам өте мықты адам. Мен үшін де, басқалар үшін де мәртебесі биік ана. Бұлай дегенім: Менің анашым- жалғыз басты ана. Ол да сан алуан сынақтар мен үлкенді кішілі қиындықтардан өтті. Өзі бауырмал, ақкөңіл, барлық жағдайда өзін де басқаны да қамтамасыз етіп жүретін,істеген жұмыстарына таза, мінезі жайлы, адал, сымбатты кісі. Ержеткеннен ата-анасына қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл бүкіліміздің міндетіміз ғой.
Бұған дәлел: «Әжемнің бір әңгімесінде: әжем өзі қатты ауырып солай ауруханада науқастанып ота жасатады. Апамның бар тірлігі нан аматқарып, тіпті оныншы сыныбында тандырға өздігінен нан шаптаған. Құлаққа әрине оңай естілгенімен ауылды жер бұл өте еңбекті талап етер жұмыстың шоғыры. Қазір оныншы сынып оқитын қыздарға тандырға нан жап деп айта алмайсың. Әрине, бұл анамның кездерінде ақшаның құнды кезі дәл мұндағы кездей емес. Қазі ртандырды бәріміз қолданамыз деп айта алмаймын. Дәл осы кезде атам әжем үшін әйтеуір қолындағы малын сатып жүріп еміне ақшасын тауып жаныналып қалған екен. Сөйтіп, мектеп бітіріп жоғарғы оқу орнына тапсыра алмаған. Оның орнына жұмыс істеп өзін қамтамасыз ете алды. Сіңілісінің көзі тірісінде бірге дүкенді де ұстаған. Анамның айтуынша медицина саласына қызыққан екен. Солай жүріп жиырма бес жасында отау құрады. Жарық дүние есігін мен аштым.
Бірақ, анамды бір сынақ күткендей әкемнің мінезімен жараспады. Әкем ішкілікке салынған кісі тіпті мені де керектіге санамаған. Әрине, ішкен адам айналасындағыларды сыйлаушымеді, анама менің көз алдымда қолын көтеретін. Бірінші сыныпты қаладан оқып келіп, бұл күнге дейін нағашы ата-әжемнің жанында өстім. Ол кісілер ешқашан менің әкемнің жоқтығын сездірмеген. Сонда да маған анамның кенже бауырын әке деп үйретті. Ол кісілерді сыйлаймын. Анам енді мені бағу үшін әскери жұмысқа орналасып, шенді болды. Алғашқы жолын аспаз, яғни әскерлерге тамақ дайындаудан бастаған, солай жүріп екі оқуын өз күшімен екі қалада оқып, дипломын алды. Ал мен ауылда нағашы ата-әжемнің қолында оқыдым. Ата-әжем маған барын берді. Анам жырақта жүрсе де тәрбиеме баса назар аударады. Бірақ мен ата-әжемнен бар салт-дәстүрді үйрендім. Анам бүкіл өмірін осыншама жыл маған арнады және бұл мәңгілік. Іштей қатты қуанамын да. Өзімнің руым: «Қоңырбөрік» бірақта мені «Ағымсарылар» баққан. Өзім де отырып ойланамын: анам мені осынша күнге жеткізіп, жырақта жүрсе де қажеттілігімді алып берді, ата-әжемнің мен үшін орны бөлек. Анам әкенің орнын басты. Мен ата-әжемнің мықты тәрбиесі барда оларды жерге қаратпайтыныма сенемін.
Бірақ, бір бөлмеде адам жалғыз, өз-өзімен болса яки болмаса, үнсіз отырып қалса, пенде шіркін ойына келмейтін дүниесі жоқ. Дәл солай анам бүкіл тағдыр тіршілігін маған арнаған кісі. Өз басы жүріп мені қатарыма қосты. Алыста болса да мені қажеттілігіммен қамтамасыз етті. Он жеті жасыма дейін өзімді жалғыз сезінбедім. Бұған дейін анам да ішіндегі қиындығын айтып бізді уайымдатпады. Әр адамның өз алдына қиындығы, ішкі сыры болады ғой. Бұл да біздің сүріп жатқан өмірде маңдайымызға жазылған заңдылық сынды. «Анам туралы ойым» деп айтқым келгені барлығы осы дүниені көруге себепші, осы дүниеге келіп өмірдің кереметтілігін көруге мүмкіндік сыйлаған бізді жаратқан Алла одан соң анамыз. Анамыздың да, әкеміздің де, туыс-туған, бауырларымыздың барында олардың қадірін біліп жүрейік. Анамыз басқалардың орнын баса алатын шығар, бірақ анамыздың орнын ешкім баса алмайды. Анама деген шексіз махаббатымды осы әңгімеммен жеткізгім келді.
УСЕНОВА Меруерт,
Заманбек Батталханов атындағы орта
мектептің 11-сынып оқушысы.
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Үлкен Дихан ауылы