«Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен,

лаборатория аумағымен ғана шектелмейді,

өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз

ісін танумен кең өрісін табады».

Қаныш Сатбаев

      Қаныш Сатбаев — ұлт мәдениетінің көшбасшысы» мақаласында Қазақ КСР ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның меттеллогения мектебінің негізін қалаушы қазақтың тұңғыш академигі -Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың өмірі мен еңбек жолы қазіргі қоғам мен ұрпаққа ғибрат.

Қазақ еліміз бүгінде дәстүр мен заманның тоғысқан жерінде тұр. Бұл тұрғыда еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын зерделеу және сақтау ерекше маңызға ие. Қазақстанның мұрасы – тек тарихи ескерткіштер мен мұражай экспонаттары ғана емес, сонымен бірге өткен тарихи мұраларымызды тану,бабаларымыздың еңбектерін дәріптеп мақтан тұту. Қазақтың мақтанышы — Кеңес одағы мен Қазақстанның металлогения  мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш  Сатбаев атамызыдың биыл туғанына 125 — жыл толып отыр. Қаныш атамыздың туған жеріне келетін болсам- Павлодар облысы, Баянауыл ауданы 1899 ж 12 сәуірде дүниеге келген. Қайтыс болған уақыты 31 қаңтар 1964 жыл Мәскеу қаласында бақилық болды.

Қаныш атамыздың айтқан даналығы:

*«Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді….

Оның ішін аршып,асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек,қол мен ой қимылы қажет…»

*«Ісіңізге,еңбегіңізге,оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз,сөз жоқ -жеңіске жетесіз…

Ғалым айтқан осы қағида жастарға керемет тәлім — тәрбие  алуға болады. Ауыл молдасынан сауатын ашқан болашақ ғалым, Павлодар орыс — қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Ж.Аймауытов. М.Әуезовтей көрнекті қайраткерлермен бірге оқып, білім алған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болған. Алаш зиялыларымен байланыста болып қолдау көрсеткен. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдары елдегі ғылымда жүрген тұлғаларды жинап Қазақ Ғылым  Академиясын құрған алғашқы қазақ. Қаз КСР ғылым академиясының президенті болып Қаныш атамыздың сайлануы  кездейсоқтық емес. Өзі білімпаз, дана, еңбек сүйгіш,халқын сүйген, ұлты үшін өмір сүрген ерекше тұлға деп айта аламын. Ұлтына деген құрметін, мына оқиғадан байқауға болады -1947 ж КСРО  жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчильмен кездеседі, сол кезде саясаткер ол кісіден  «Өзге қазақтар да сіз сияқты  бойшаң ба»? — деп сұрайды таңдана. Академик болса: «О не дегеніңіз, Черчиль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! «Халқым менен де биік!», — деп жауап берген екен.

Баянауылдағы Қаныш атамыздың мұражайындағы пікірлер кітабында мынандай жазба сақталып тұр: «Қаныш Сәтбаев — халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым,белгілі инженер. Қанекеңнің өмірлік жолы өз елін  жақсы көрудің және ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды», — деп айтқан Н.Ә.Назарбаев.

Қаныш атамыздың бірінші даналық сөзі мен халқының ұлы тұлғаға айтылған теңеуден әр қазақ азаматы осы тұлғадай білімді, дана, еңбекқор, өз білімін кәдеге жаратып, аянбай еңбек ету керек. Алған білімді ақыл мен ой еңбегі арқылы ғана көрсете аламыз деп ойлаймын, сонда ғана — адам  баласының білімі қоғамға пайдасын тигізе біледі.

Ал екінші сөзінен ұққаным — Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ — жеңіске жетесіз… Адамгершілік — адам баласының өмір жолындағы ең құнды, баға жетпес байлық деп санаймын. Кез-келген ортада, еңбекте оқуда нағыз адамгершілікпен қарасаңыз ешкім зиян шегіп, қоғамда кері кетпейді. Адамгершілік — ол ар — ұят, талап,ұлттық құндылықтың негізі деп санау керекпіз. Сонда біз Қаныш атамыз бен өзге де ұлы тұлғаларымыздың үмітін ақтағанымыз болып саналады.

Мен  қазағымыздың әр ұлы тұлғасын құрметтеп, мақтан тұтамын!!!

САТЫБАЛДЫ Диас Сатыбалдыұлы

                                                                             Абай атындағы РММИ

                                         11 сынып оқушысы.

Алматы қаласы

Фотоколлаж: Bugin.kz; Egemen Qazaqstan

         

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *