Апаттың алдын алу шаралары жадыңызда болсын!

Табиғат апаттары – өрт, су тасқыны, жер сілкінісі айтып келмейді. Десе де, апаттың алдын алуға бола ма? Соңғы кездері Алматы жер сілкінісіне қауіпті аймақ екені жиі айтылуда. Қауіп – қатерге кез келген адам, отбасы дайын болуы керек. Сақтану шараларын балалар мен жасөспірімдер білгені абзал. Табиғат апаты  кезінде сақтану  туралы білім беру мекемелерінде де оқушыларға айтылуда. Десекте, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер туралы  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, майор БАЙМҰХАМБЕТОВА Сандуғаштан айтып беруін өтіндік.

                              Жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейін не істеу керек?

 Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың жер сілкінісі болғанға дейін, кезінде және одан кейінгі әрекеттері туралы қысқаша нұсқаулық дайындады. Бұл кеңестер сізді және сіздің жақындарыңыздың аман қалуына көмектеседі деп білеміз.

Алматы тұрғындары жер сілкінісіне қалай дайындалады?

Алматы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанын ескере отырып, қала тұрғындарына «дабыл дорбасын» алып жүруге кеңес беріледі.

«Дабыл дорбасына» салынатын заттар:

1) Құжаттардың көшірмелері, ақша.

2) Алғашқы көмек қобдишасы.

3) Қыста бір адамға 3-4 литр, жазда 5-6 литрден су.

4) Консервіленген, жоғары калориялы тағам.

5) Гигиеналық құралдар.

6) Қосалқы киім, аяқ киім, көрпе.

7) Радио, батареялар, телефонды зарядтауға арналған портативті батарея (PowerBank), ысқырық, фонарь.

«Дабыл дорбасы — шартты атау, ол дөңгелектегі чемодан, рюкзак немесе сауда сөмкесі болуы мүмкін. Онда үш күн бойына қажетті заттарды: тамақ, су, жылы киім, дәрі — дәрмек, ысқырық пен фонарь қою керек, сонда ғимарат қираған жағдайда сигнал беруге болады. Сондай — ақ, қажет болған жағдайда, сөмкеге басқа нәрселерді де салуға болады. Қағазға туыстары мен достарының телефон нөмірлерін және зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің мекенжайларын жазыңыз. Төтенше жағдай кезінде байланыс және электр қуаты үзіліп, телефон сөніп қалуы әбден мүмкін.

Тұрғын үйлерде құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді жүргізу ұсынылады, яғни үйдегі жиһаздар мен қабырғаларға бекіту (бұрандалау). Мұны қолда бар арнайы құралдардың көмегімен жасауға болады. Мұнда жалпы стандарт жоқ.

Құрылымдық емес қауіптілік элементтері – бұл қабырғаға үлкен ас үй, басқа да жиһаздарын бекіту. Жер сілкінісі кезінде көлемді тұрмыстық заттар, жиһаздар мен жабдықтар құлап кетсе, олар эвакуация жолын жабуы өте алмай қалу қаупі туындайды. Немесе, кенеттен құлап кетіп жарақат алуы  қаупі де әбден мүмкін. Осыған орай, біз де қала тұрғындарының үйлерінде немесе пәтерлерінде осындай құрылымдық емес сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізуді естеріңізге саламыз және сұраймыз. Құрылымдық емес қауіптілік элементтері — жиһаз, тұрмыстық техника, жарықтандыру және жылыту құрылғылары, құбырлар және т.б., яғни ғимараттың тұрақты құрылымдарына (қабырғалар, төбелер, бағаналар, арқалықтар)  жатады.

                     Жер сілкінісінен аман қалғандар не істеуге болады

                                    және қайда барыу керек?

Үйіңізге немесе жұмысыңызға ең жақын зардап шеккен адамдарға арналған пунктті білу және есте сақтау маңызды, себебі ықтимал жер сілкінісінен кейін байланыс пен интернет қолжетімді болмауы мүмкін. Төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен адамдарға арналған пунктте эвакуацияланған халықты тіркейді. Бұл жер сілкінісінен кейін адамдар жақындарын табуы үшін жасалып отыр. Осы тізімдер бойынша адамдар іздестіріледі. Келесі кезең – адамдарды қауіпсіз жерге көшіру. Алматыдан ықтимал эвакуация екі жолмен: автобуспен және пойызбен тасымалданылады.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен стадиондар базасында халықты жинау, есепке алу және қауіпсіз аймақтарға тасымалдау шаралары жүргізіледі. Жағдайға қарай құрастырмалы эвакуациялық пункттер құрылады. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің барлық мекенжайларын 2GIS платформасында қарау арқылы табуға болады. Навигатор зардап шеккен тұрғындарды қабылдаудың ең жақын пунктін көрсетеді. Сондай — ақ, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдіктерінің ресми сайтынан да табуға болады.

                     Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек?

 Әрбір алматылық «Жер сілкінісі кезіндегі 10 ережені» сақтау керек.

1) Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;

2) Соққылар кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;

3) Жиһаздарға, терезелерге, люстраларға жақындамаңыз;

4) Жабық жер табыңыз, басыңызды қолыңызбен жабыңыз;

5) Жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін бөлмеден шығыңыз;

6) Кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

7) Дабыл добасын алыңыз (алдын ала дайындалу керек);

8) Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс жүріңіз;

9) Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;

10) Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.

               Егер адам көпқабатты үйде болса, жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

«Жер сілкінісі кезінде адам ғимараттан шығу немесе қауіпсіз орын табу туралы шешім қабылдайтын белгілі бір секундтары бар. Мысалы, егер адам көпқабатты үйлерде тұрса, оның көшеге жүгіріп шығуға уақыты болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол қауіпсіз жер табу керек. Қауіпсіз жер – берік қабырға, бұрыш немесе есік.

Маңызды! Назар аударыңыз! Сіз жұмыс істейтін ғимаратыңызда көрсетілген  түрлі — түсті қолшатырдың суреті бар орындарды табыңыз. Бұл жерлерді есте сақтаңыз. Суреттер жер сілкінісі кезінде паналауға болатын ең қауіпсіз жер дегенді білдіреді.

                                                       Қысқаша сұқбатты жазып алған:

                                                               Ж.Кучукова,

                                                               Бас редактор