жыр  алыбы  Жамбылға  арналған  оқушылар  шығармашылығы

                                                Жамбыл – жас суретшілер қылқаламында

                             «Еңбек» пәнінің мұғалімі  Жумабаева Қарлыға Иманбековна:

—Мектептегі «Еңбек» пәні мұғалімдері бірлесіп, ХХ – ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бабамыздың туған күні қарсаңында оқушылар арасында ақынның суретін салуға тапсырма берілдік. Шәкірттерге әр сабақтың тақырыбы түсіндіріліп, тақырып аясында сурет салу техникасы, бояулармен жұмыс істеу түсіндіріледі. Оқушылар бояумен, желіммен, басқа еңбек сабағына қажетті құралдармен жұмыс істеген кезде барлық сақтық ережелерін сақтау тапсырылады. Ұстаздар оқушылар ережені қатаң сақтауын бақылаймыз. Және үй тапсырмасын орындағанда да сабақ кезінде сақталатын ережелерді жадынан шығармауды айтамыз. Бұл жөнінде ата – аналарға да ескертіледі. Сурет салу құралдарын пайдаланғаннан кейін міндетті түрде қолды жуу қажет. Қолды жумай тұрып, бетті ұстауға, көзді уқалауға, тамақ жеуге болмайды.

Жүз жасаған бәйтерек — Жамбылдың бейнесін көзі тірісінде көптеген танымал суретшілер салған. Ол суреттердің бірқатары ақынның мұражай үйінде сақтаулы экспонаттардың бірі. Айталық, Жамбыл бейнесін жазған қылқалам шеберлері ақын өмірінің кең танылған, соңғы он жылын көбірек қамтыған. Жамбылды өз көзімен көріп, бейнелеген Б.Че­­­калин, Ә.Қастеев, Р.Ар­да­­тов, Н.Ягодкин секілді ше­бер­­лер дала перзентінің қарт­тық шағын дәл кейіптейді. Б.Чекалиннің: «Жамбыл туындылары күнделікті өмірмен ұштасып жатты, кейіпкердің әрбір сәтін көзден таса жібер­мей бейнелеуге тырыстым», — деуі тегін емес. Жамбыл тақы­ры­бындағы топтамасы ұлы жы­­раудың өмір жолын  баяндайтын кең кө­лемді монографияға ай­налған сурет­ші ақын жырларын жан дүниесімен зер­делегені анық. [1]

Жамбыл бейнесіне бір­неше рет тоқталған Ә.Қас­теев те ақын­ға арнап «Ха­лық ақыны Жам­былдың пор­треті» (1937), «Жамбыл дос­тары арасында» (1971) атты туындыларын жарыққа шығарды. Өнертаушы Лаура Әбілдаеваның пайымынша: «Ә.Қастеев Жамбылды қан­­ша рет бейнелесе, сонша рет бі­рін — бірі қайталамайтын кел­­­бет жасады. Ол өткен ең­бек­­­­терін қайталамау үшін ақын­ның пси­хологиялық ішкі жан дү­ниесінің алуан қырын аша білді». Ақын өмірінің соңғы сәтін де Әбілхан Қастеев суретке салған. Жамбыл ақынның жарқын бейнесі мүсін өнерінен де тыс қалған жоқ. 1938 жылы Қа­зақ­станға келіп, Жамбылды өз көзімен көре жүріп, оның бей­несін жасаумен айналысқан мәскеулік мүсіншілердің бірі — И.Андреев еді. Жамбыл атаның қызырлы қызыл жолбарысымен бейнеленген  туындыны 1996 жылы Тоққожа Қожағұлов салған. [2]

Жәкеңе ақындар өлең арнаса, жазушылар кітап жазғанын, мүсіншілер оның мүсіндерін сомдағандарын айта келе, суретшілердің де еңбегінің зор екені оқушыларға  айтылды. Қазіргі кезде сурет салуға арналған мүмкіндіктер өте көп. Сабақ өткізуде жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалармен бірге еңбектену — ұстаздың міндеті. Сурет салу барысында  әсіресе  адамның потретін салғанда, оның әр қырын өз бейнесінде келтіру керек. Ол үшін оқушы портретті мұқият оқып шығады. Көзбен бет – әлпетін, киімін, көзіндегі ойын оқи білсе, портрет сәтті шығады. Адамның ішкі жандүниесіне үңіле білу арқылы оның тұтас бейнесі қағаз бетіне түседі.

                                                    «Халық өнері — тарихи мұра

                 «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі  Хожабергенова Қарлығаш Махсетовна:

—Еңбек пәнінде оқушылардың сурет салу шеберлігі  халық туындылары арқылы да артады. «Халық өнері — тарихи мұра» тақырыбында 6 — сынып

ұлдары арасында пейзаж салу, қол шеберлігі бойынша сайыс өткізілді. Пейзаж — белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Пейзаж – кескіннің негізгі тақырыбы  табиғат болатын бейнелеу өнерінің жанры. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портретбаталия жанры, т.б.) қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл — күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады. «Пейзаж» — француз сөзі, ол көркемөнер жанырының бір түрі. Пейзаж бірден жанр болып құрылған жоқ. Ол үлкен даму жолынан өтті. Пейзаж фон арқылы кескіндемеде, графикада және басқа да жанр түрлерінде кездеседі. Жалпы табиғатты бейнелеу неолит кезеңінен басталған. [3]

Әбілхан Қастеев, Айша Ғаламбаева, Жайық Күшікбаевтай суретшілер туындыларында пейзаж көптеп саналады. Ғаламат суретшілердің туындыларын оқушыларға көрсете отырып, бір картина салуға қанша уақыт кететінін айтамын. Сурет салуда қол шеберлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Сурет салу тезарада орындалатын жұмыс емес. Оқушылардың сурет салуға шыдамдылығын шыңдау арқылы нәтижеге жетуге болады. Ұстаз оқушылардың сурет салуға деген ынтасын арттыру үшін сайыс сабақтарына, мектепішілік байқауларға қатысуға мүмкіндік беремін. Сабақтың мақсатына тоқтала отырып, сөзімді түйіндеймін.
а) Білімділік: Пейзаждың өркендеуі жайлы қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. б) Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Сабақ әдісі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, сурет салу.
Құрал — жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, табиғат көрінісі бейнеленген суреттер, кітаптар, сөзжұмбақ, плакаттар, альбом, жәй қалам, басқа да құралдар.

                                                   Қылқалам шеберлері фигураларға сән берді

                      «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Серсембаев Серікқали Борумбаевич:

—«Көркем еңбек пәні» бойынша «5,6,7 сыныптарда «Қыл қалам» шеберлік» сынып сағаты өтті. Онда оқушыларға фигураларды кеңістікте әр қырынан көре отырып, қағазға түсіру әдісі оқытылады. Біздің «Наурызбай батыр Құтпанбетұлы» атындағы орта мектебінде оқушылардың жаңа технологияяларды пайдалана отырып, дәріс беруге барлық жағдай жасалған. Сурет сабағына арналған құрал – жабдықтармен қамтылған. Оқушылар сурет сабағында мольбертті қолданады. Мольберт (нем. Malbrett) әдетте ағаштан жасалатын сурет салуға арналған құрылғы. Оған суретші жұмыс жасау уақытында картиналарын, сызбаларын салып қояды. Мольберттің бірнеше түрі кездеседі.[4]

Сурет салу – өнер. Бұл өнер түріне ата – аналар айтарлықтай көңіл бөлмейтіні рас. Көпшілігі сабақ деп қарайды. Баласы сабаққа қатысса болды, керек – жарағы түгел ме, болды деп ойлайды да, ұл – қызының бойындағы қабілеттің ары қарай дамуына қолдау білдірмейді. Ұстаздық еткен жылдары байқағаным, шәкірттердің барлығы дерлік сурет салғанды жаны қалайды. Балаларға ұнайтын тақырып көп. Солардың ішінде фигураларды салу дәлдікті, талап етеді. Геометриялық  өлшемдерді дұрыс таңдай білу керек.

Фигураларды сызғанда, түрлі – түсті бояуларды мейлінше көп қолдануға болады. Суретің ішінде фигураларды  әр қырынан салу үшін оқушыларды әртүрлі дайын фигураларды көрсету арқылы қызықтыруға болады. Әлемде фигуралар пішіндес тарихи ғимараттар бар. Айталық, әлемде осыдан бес мың жыл бұрын салынған Мысыр пирамидаларын атаймыз. Тәуелсіздіктің бесігі Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы үшбұрыш тектес салынған. Көне тарихи ескерткіштерді қарасақ, сол заманның архитектуралық құрылысында түрлі фигуралар типтес салынған.

                                       Шеберлік сабағының бірі – тоқыма тоқу

                     «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Искендирова Зульфия Куатовна:

 —Сабақтың тақырыбы: «Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу: мойын орағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы». Еңбек пәнінде оқушыларды түрлі шеберлікке дайындауға болады. Сурет салуға, киім тігу мен тоқуға, яғни дизайнерлік шеберлікке баулимыз десем, артық айтқандық емес. Елімізде әлем назарын өзіне аударып жүрген танымал қазақстандық киім дизайнерлерінің де алғашқы тырнақалды туындылары мектеп қабырғасында қалыптасқан. Менің шеберлікке үйреніп, қыздарға өз қолдарымен киім тігіп, тоқу тоқи алатын дәрежеге жеткен шәкірттерімнің көптеген жетістіктері бар. Әр оқушының өз таңдауы болады. Білім берген қыздардың барлығы мектеп бітірген соң, жеке дизайнер болады деуден аулақпын. Алайда, киім үлгісін сабақта біліп, ертең өздеріне, анасына, жақындарына түрлі үлгіде киіп тігіп берсе, қане!

Шеберлік сабағының бірі – тоқыма тоқу. Мұнда да адамға қажетті киімдерді, бас қиім, бөкебай, қолғаптарды арнайы үлгі бойынша құлпыртып тоқуға болады. Тоқыманы бастамас бұрын қандай киім тоқиытынын білу керек. Өйткені, жіп те, біз де сол кімге лайық таңдалады. Жіптердің де, біздің де өлшемі болады. Құралдың осы аталған екеуі дұрыс таңдалғанда, кез келген киім түрі өзіне лайық болып тоқылады. Ал, біз бен жіп түрі сәйкес келмесе, тоқыма дұрыс тоқылмайды.

Киімнің қандай түрі болсын, матасына қарап, таңдалады. Одан кейін тігін машинасы әртүрлі матаны тігуге лайықты болу керек. Бүгінде, жаңа технологиялар негізінде жасалған тігін операцияларының барлығын атқара алатын машиналардың түр — түрі сатылымда бар. Оларды игере білу де адамның қабілетіне байланысты. Сабақта, қыз балаларға тігін машиналарының түрлерін, қажетті жабдықтары мен оны қолдану әдістерін үйретеміз. Киім тігерде де, тоқыма бұйымдарына да ең алдымен адам денсаулығына зияндылығы аз, экологиялық таза, құрамында синтетика жоқ мата мен жіптерді таңдаған абзал. Мүмкіндігінше мақтадан тоқылған маталарды пайдалануға тырысу керек. Қыздардың қолынан шыққан әдемі бұйымдарды сыйлық ретінде тарту етуге де болады.

  Алматы облысы, Жамбыл ауданы,

«Наурызбай батыр Құтпанбетұлы»

атындағы орта мектебінің еңбек

пәні мұғалімдері.

 

Дереккөзі:

  1. «Egemen Gazagstan», 2021 жыл, 15 – маусым,  [1], [2].
  2. «Википедия» ашық энцеклопеядиясы, [3], ]4].

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *