Арманы биік, жас өрен!
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы САЙФУЛЛА Нұрай www.farabishakirti.kz желілік порталының жас тілшісі атанды.
Алматыдан жолданған куәлікті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жақсылықова Айқын арнайы табыс етті. Болашақ маман иелеріне игі тілектерін арнады. Солардың қатарында Нұрайды айрықша құттықтады.
—Мен журналист мамандығын таңдап, талаптармен таныстым. Жазған дүниелерімді жариялау үшін басылымдар іздедім. Республикалық «Farabi shakirti» журналы туралы мәліметпен таныстым. Редакццияның ұсынысымен бірнеше мақалаларым желілік басылым – сайтта жариялануда. «Жас тілші» атанғаныма қуаныштымен. Шынын айтса, куәлік алатыныма онша сенбедім. Куәлік келгенде, күмәнімнің бекер екеніне көзім жетті. Әділдіктің туын ұстауға талпынған бізден кейін де лицейіміздің түлектері көп болсын,- деп ағынан жарылды, Нұрай.
(Өз тілшімізден).