Қазіргі таңда өз ісіміздің шебері атану үшін ораторлық өнер ерекше  қажет. Белгілі бір орында сөз сөйлесек те, сахнаға шығып өнер көрсету үшін де сөз шеберлігі керек.Тіпті қарапайым дос,тума -туыс арасында сөз сөйлеудің өзіне де осы ораторлық өнер үлкен көмегін береді.

Байқасақ қазір көп жастар “сөз сөйлеп білмеймін, “мәтін жаза алмаймын” деп өзге жанның көмегіне жүгінеді. Әрине, бәрі туа біткен ақын, жазушы емес. Алайда өзге адамның көмегіне дәл осы бағытта үнемі жүгіну дұрыс емес деп білемін. Керісінше арнайы кітаптар, арнайы курс  жазылсаң бәрі оңынан келеді.

Сол үшін де мен, өзім оқып дайындалған   “Сөз менеджменті “ атты кітапты сіздерге ұсынғым келіп отыр.

Жалпы бұл кітаптың адам баласына берер мәліметі,ораторлық өнер бойынша тапсырмалары өте көп. Әрі кітаптың авторы — Жандарбек Бұлғақов,  Айнұр Тұрсынбаева, Қуаныш Шонбай, Бауыржан Оспанов тай халық алдында жүрген жандар өз пікірін де айтқан екен.

Ал бұл кітаптан не үйренеміз?

Кітапта тек теория емес, практикалық тапсырмалар бар . Яғни  ең әуелі ораторлық қабілетті анықтауға арналған тест болады. Және содан кейін барып

— Аудиоторияда өзіңді сенімді ұстау.

— Мәтін даярлау.

— Микрофонмен жұмыс.

— Сөзіңізді көрерменнің есінде ұзақ сақталатын «фишка » сөздер,

— Дауыс пен дикция,

— Әсерлі әңгіме құпиясы т.б осы дүниелердің бәрін орнатуды үйренесіз.

Өз жеке стиліңізді қалыптастырып, ораторлық өнеріңізді дамытасыз.

Негізі бұл кітапты өзім “болашақ журналистпін ғой” — деп бірден алған болатынмын. Алайда кітап барлық тұлға, барлық маман иесіне керек кітап екенін аңғардым.

Сол үшін бәріңізге осы кітапты оқып,бойыңыздағы ораторлық өнерді шыңдауға кеңес беремін.

                                                                                          

 

 

 

 

 

 

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *