«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Арманы биік, жас өрен!

 

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің  11 сынып оқушысы САЙФУЛЛА Нұрай www.farabishakirti.kz желілік порталының жас тілшісі атанды.

Алматыдан жолданған куәлікті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жақсылықова Айқын арнайы табыс етті. Болашақ  маман иелеріне игі тілектерін арнады. Солардың қатарында Нұрайды айрықша құттықтады.

—Мен журналист мамандығын таңдап, талаптармен таныстым. Жазған дүниелерімді жариялау үшін басылымдар іздедім.  Республикалық «Farabi shakirti» журналы туралы мәліметпен таныстым. Редакццияның ұсынысымен бірнеше мақалаларым желілік басылым – сайтта жариялануда. «Жас тілші» атанғаныма қуаныштымен. Шынын айтса, куәлік алатыныма онша сенбедім. Куәлік келгенде, күмәнімнің бекер екеніне көзім жетті. Әділдіктің туын ұстауға талпынған бізден кейін де лицейіміздің түлектері көп болсын,- деп ағынан жарылды, Нұрай.

 

                                                                                   (Өз тілшімізден).

Сәйкес жаңалықтар

«Балалық бал дәурен артта қалып барады»

ТҮРКІСТАН: «Болар бала бесігінде бұлқынар», — деп Айдындай алысқа қараған балаға айтса керек

Мультфильмдер арқылы балаларға әлемді таныту: жақсы немесе жаман әсер?