«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Соңғы қоңырау: қуаныш па, шығын ба?

Соңғы қоңырау – әр түлектің өміріндегі ғажап күн. Балалық шақпен қимай қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәт. Бұл күні мектеп ауласын қуаныш, толқу және әсерлі естеліктер кернейді. Дегенмен, қуанышымен қатар шығыны да аз емес.
2026 жылғы түлектер көптің сынына қалды.

Әлеуметтік желі қолданушысы: «Балалар мектеп қабырғасында бірдей киініп, бірдей гүлшоғын алсын. Соңғы қоңырау шоуға айналды», – деген пікір қалдырды. Ал бұл пікірге жауап беруші оқушылар: «Мектепті бір рет қана бітіреміз, соңғы қоңырау қайта-қайта болмайды. Осындай қуанышта әдемі киініп, үлкен гүлшоқтарын алғанның несі жаман?» – деген жауап қалдырған.

Шынында, көлікке сыймайтын алып гүлдер барлығын таң қалдырды. Бірі оны құр шығын ретінде көрсе, енді бірі мерекенің сәні ретінде көрді. Қымбат гүл, сәнді киім, ерекше образдар төңірегіндегі пікірталас әлі де толастар емес. Бір нәрсе анық: соңғы қоңырау – әр түлек үшін ұмытылмас күн. Ал оны қалай атап өту әркімнің өз таңдауы.

СЕРІК  Аяулым

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

Меркі ауылы, «№44 жалпы білім

беретін мектеп-гимназияның» 11-сынып оқушысы

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа дем

Адалдық. Қырағылық. Батылдық

Жас түлектерге!

farabi shakirti shakirti