Ата

*Аман-есен күлімдеп жүрші ата,
Күлкіңізге күрсінді күлгін дала.
Жалтыраған алтынның арасынан,
Жанашыр жан бола алар өзің ғана
*Сүйсініп сөз еткенде тұлғаңды әркім,
Мен талай мақтаныштан нұрланғанмын.
Аққудай жеңгем жүр ғой жаныңызда,
Көркі боп жүрші ата думандардың.
*Селт етпей өмірдегі даң-дұңдарға,
Жүріңіз елді бастап жаңбыр-қарда
Асылдын сынығындай бағалаймын,
Өзіңіздей асыл жан табылар ма?
МАРАТОВА Сабина,
Абай Ұлттық мектебінің 11- сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі.
Жетекшісі: Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы





