«Бақытқа жету жолы — қандай?»
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл — Фараби ұстазымызды білмейтін адам кемде — кем. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атағына ие болды. Әл — Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстырып, еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті…
Ұлы ұстаз- бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапханадан білім алған, парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алып, өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл — Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл -Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім — тәрбие алып ой — санасын кеңітіп, ақылдылық пен парасаттылықты үйреніп, өзін — өзі білім мен ғылымға баулиды.
Әл — Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең танымал ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Өзінің білімділігімен еңбегінің арқасында «Екінші Ұстаз» атанып тарихта өшпес із қалдырып, шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Ұлы ұстаз — философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген үлгілі болашақ ұрпаққа таптырмас мұра-философиялық еңбектер жазған. Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Бақытқа жету жолы қандай?
Бұл сұраққа жауапты Фараби ұстазымыздың «Бақытқа жету» еңбегі мен нақыл сөздері — терең мағынада, рухани жан дүниені зерттей отырып — «Адам баласының» өмірде бақытсыз болып туылмайтындығы, бақытқа жету — өз қолында екені жайлы керемет баяндалған.
«Адамның — тоқымашы не хатшы болып туылмайтындығы тәрізді,,,
Қайырмдылық пен қайырымсыздықта — жаратылыстан адам бойына өтпейді» — деген.
«Адам — өз ісінің білгірі, һәм шебері атану үшін — жақсы жұмыс істеп, оны жетік білуге ұмтылу керек» — деген.
«Адам — ізгі және қажетті шаруа атқарса — бәсі де жоғары болуы керек» -деген.
«Адам-қандай әрекет жасап,қандай іс істесе де — оның игілігі мен рахатына бөленуді мақсат етуі қажет» деген.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез -құлыққа байланысты екенін ерекше атап өтті. Мінез бен ақыл жарасса адамгершілік ұтады. Ұлы ойшылдың айтуынша, жылт еткен жалтыраққа қызыққан тұрақсыз көңіл емес, көркем мінезбен ұштасқан ақыл — парасат иесі ғана бақыт сырын аңғара алады. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы керек.
«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек .Ол кез -келген іске ұқыптылықпен қарап, жиған тергенін орынсыз шашпай, кез-келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделерін жақын жандарымен бөлісіп отыруы керек. Бақыт — ол адамның игілікті істері мен қол жеткізетін мақсаттың бірі деген — ұлы ұстаз! Адамдар- бақытты болу үшін қайырымды қоғам, қайырымды қала, қайырымды адамдар болу тиіс. Қазіргі әлемде бақытты мемлекеттер рейтингісі жиі жарияланып, қоғамда талқыланып және жан-жақты ат салысуда. Адамдардың бақытқа жетуі өз қолында екенін Фараби ұстазымыз бен ұлы ойшыл Абай атамыз сияқты тұлғаларымыз жазып болашақ ұрпаққа мұра ғып тастап кеткен,сол жазбаны оқып білу,тану өз қолымызда -деп санаймын. Әлем адамдарына қайырымды қоғам қалыптастырып, бақытқа қол жеткізулеріне барлық адам атсалысып,бақытты қоғам қалыптастырамыз деп сенемін, сәттілік тілеймін!
САТЫБАЛДЫ Диас Сатыбалдыұлы
Абай атындағы РММИ, Алматы қаласы
11 сынып оқушысы
Дереккөзі: kaznu.kz;
Сурет: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві