“Барынша сақ болуымыз қажет”

                              Барынша  сақ  болуымыз  қажет

«Апат – айтып келмейді» — деп жиі айтылады. Бұл қағидаға сүйенген халық қашанда  сақтық шараларын ұмытқан емес. Апат – жер сілкінісі, сең жүруі, өрт қауіпсіздігі, жолдағы келеңсіздіктер, өндіріс және құрылыс алаңдарындағы  техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан туындап жатқан жайттар. Апаттың қайсысы болсын адам өміріне қауіпті. Қауіптен сақтана білу – міндетіміз. Мектепте оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы арнайы ережелер жиі айтылады. Ережелер арнайы көрнекіліктермен қабырғаға ілініп те қойылған.

Кейінгі кезде жер сілкінісі жиі қайталануда. Айтпай келетін осы апаттың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. жер сілкінісі бола қалған жағдайда өзің мен отбасы мүшелерін құтқару туралы шаралар жиі еске салынуда. Жер сілкінісі жөніндегі соңғы жаңалықтар бәрімізді абдыратқаны рас. Өз елімізде орын алмаса да, бауырлас Түркия еліндегі зілзаладан қатты шошынып қалдық. Соған қрамастан, әр отбасы апат бола қалған жағдайға дайын. Ережелерге сай қажетті құжаттар салынған сөмкені дайындап қойды деп білемін.

Жер сілкіну, жер сілкінісі араб тілден ескірген  сөз зілзала араб.: زلزال‎,  ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі пайда болуына қарай — жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жер сілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жер сілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жер сілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жер сілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады. Жер сілкіну, өте сезгіш аспаптар –  сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Жер сілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жер сілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.

Соған  орай, жер сілкінісі жөніндегі сақтың шарамен бір танысып шығайық. Жер сілкінісі әр уақытта бола салады. Сол үшін кез-келген уақытта дайын болуымыз қажет. Апат уақытында ғимарат  ішінде болсаңыз кереует, орындық астына кіріңіз. Бұл сізді аман сақтап қалуы әбден мүмкін. Ал ғимарат құлауы орын алып жатса, тезірек шығып кетуге тырысыңыз. Және лифтіге жоламаңыз! Себебі кез-келген уақытта лифт істен шығады. Ал егер көшеде жүрсеңіз электр сым, ғимараттардан өзіңізді алшақ ұстаңыз. Ашық орта, кең далалы, ғимараты жоқ жерге шығып кетіңіз!

Және басты нәрсе! Ойыңызды тез жинақтаңыз, айналаңызда адамдардың бар жоғын тексеріңіз. Ымдап болсын, дыбыс білдіріңіз! Зардап шеккен жандар болса бірден алдын алып, медициналық көмек көрсетіңіз. Жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апаруға қамданыңыз!

Зілзала бола қалған жағдайда, жанымыздағы адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете білуіміз керек. Сондықтан, әр адам, жасөспірім сақтық ережелерін жадында сақтағаны абзал. Қиналған сәтте бір – бірімізге қол ұшын беру, көмектесу – әр азаматтың парызы екенін ұмытпайық. данагөй қарияларымыз күнде сан мың рет Жаратқаннан «Бәле – жаладан, табиғат апатынан сақтай гөр» — деп дұға етеді. Дұғалары қабыл болғай!

                                                                       

 

 

 БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы

Дереккөзі: «Уикипедия» ашық  энцеклопедиясы

Фото: https://images.app.goo.gl/

            y3gR94YU6xUWjxjK9