Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді.

Екінші орында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей спортшылары түйіндеп тұр.

Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола болса, Францияның құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.

Бүгінге дейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 20 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.

Фото: Kazinform

Күнсұлтан Отарбай,

Kazinform