Дұрыс пайдаланбаса, телефонның да денсаулыққа зияны бар
Заманына қарай жыл сайын жаңа технологиялар дамыған сайын, адамның пайдаланатын құрылғылары да жаңа сипатқа ие болуда. Солардың қатарында ұялы телефондарда бар. Бүгінде қолына телефон ұстамайтын адам кездестірмейсіз. Бесіктегі бала жұбансын деп қасына телефонды қойып, өлең қосып қояды. Бір жасар баланың қолында телефон. Оны алып қойса сол жерде сәбидің байбалам салғанын көреміз. Телефон енді шығып, сатыла бастағандағы құрылғы мен бүгінгісін тіпті салыстыруға келмейді. Кейбір телефондар 4 және 5 G – ға қосылған. Телефонның сәбилерге әкелетін зиянын біле тұра бірнеше сағатқа дейін қолына ұстатып қоятын ата-аналардың барын естіп қаламыз.
Балалардың денсаулығына қаншалықты зиянын екенін дәрігерлер де, психологтар да айтып, дабыл қағуда. Соған қарамастан, кішкентай сәбилер құрылғыға шырмалуда. Ата-аналар балаларға арналған түрлі сайттардан қызықты дүниелер деп, өлеңдер, мультфильмдерді ашып береді. Бірақ, оның баласына ұнайтыны мен ұнамайтынын зерделемейді. Кейбір мультфильм кейіпкерлерінің түрлері сұрықсыз, бет-әлпеті мүлдем балаға ұқсамайды. Кей кейіпкердің дауысы ащы. Музыкасы жағымсыз.
Тілі шықпаған балаға мұндай нәрселер ұнамайды, сондықтан жылайды. Мұны түсінбеген ата-ана телефонның дауысын одан бетер жоғарылатып береді. Сөйтіп, анасы үй шаруасын бітіргенше, немесе жолда жылап мазасы кетпесін берген телефонды кішкентай ұйықтағанша қолынан алмайды. Телефонның салмағын да ата-аналар ескермейтінін куәсі болудамыз. Телефондардың көлеміне қарай, әжептәуір салмағы сүйегі қатпаған сәбидің қолына, миына айтарлықтай салмақ түсіреді. Олай дейтінім, біз де ұзағырақ пайдалансақ, қолымыздың қары талып кететінін сеземіз.
Бір отбасында қанша адам болса, әрбірінің қолында сонша құрылғы бар. Гаджеттер өміріміздің бір бөлігіне айналды. Айталық, оқушы сабағына қажетті кезде пайдаланып, қалған уақытында пайдалы іспен айналысу қажет. Құлаққаптың сымсыз түрлерін құлағына киіп алатын балалар, тіпті ұйықтап жатса да, шешіп тастамайтындары бар. Әлеуметтік желіде сағаттап отыратын құрбыларымз бар. Адам өміріне қажетті техника түрлерінің қай — қайсысы болса, шамадан тыс пайдалану – адам денсаулығына орасан зиянын тигізетіні белгілі. Тіпті, тамақты дұрыс уақтылы дұрыс ішпесе, адам ағзаларына зиян. Әртүрлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
Ел ертеңін, балалардың денсаулығын ойласақ, әрбіріміз адам өміріне қауіп әкелетін дүниелерге шамадан тыс әуестенбеуге үйренуіміз қажет. Бұл – біздің қолымыздан келеді. Тек, телефонды белгілі бір уақытқа пайлананып, қалған уақытта таза ауада көп демалып, үй шаруасымен айналысып, кітап оқып, бұғанасы қатпаған іні – қарындастарымызға, сіңлілерімізге ертегі айтып, тыңдатуға қалыптастыра білуге ұмтылсақ, денсаулығымызды сақтап қалғанымыз. «Ұлт болашағы – денсаулығы мықты ұрпақ».
Аружан ДҮЙСЕНБЕКОВА,
Абай облысы, Абай ауданы,
«Ш.Тоқжігітов атындағы мектебі» КММ
10- сынып оқушысы.
Жетекшісі: ДӘРІБАЕВ Дихан Жақсыгелдіұлы
Сурет: novinki-smartfonov.ru