Дебат әлемі
Дебат, пікірсайыс деген не? Пікірсайыс немесе дебат грек тілінен «оқимын», ал француз тілінен аударғанда «талқылау» деген мағынаны білдіреді. Дебат – аргумент арқылы жеңу. Онда қарсы тараптар қоғамды өз сөзіне сендіруі керек. Пікірсайыста маңыздысы – аргумент, бірақ әр түрлі риторикалық әдістер, аудиториямен жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Ол – шешендік өнердің бір түрі, риториканың бір бөлігі. Демократиялы елдерде президент сайлауы пікірсайыс арқылы өтеді.
Қазіргі қоғамда дебатты «ұрыс», «жанжал» деп қабылдайды, бірақ шын мәнінде дебат ол − пікірсайыс. Дебаттың қатысушыға, тыңдарманға берер пайдасы көп. Атап айтсақ, біріншіден, дебат – «дамушы орта». Себебі пікірсайысшылардың бәрі жеңіске ұмтылады, бір-бірімен жеңіс үшін сөз додасына түседі. Екіншіден, дебат – «ұшқыр ой». Әр берілген қарарды (тақырыпты) төрешіге түсінікті, нақты, жүйелі жеткізу үшін берілген тақырыпты жан-жақты түсініп, зерттеп, пысықтау қажет. Үшіншіден, дебат – «достық». Менің дебат әлемінде жүргеніме екі жыл болды, айтарым дебат – нағыз достық мекені.
Менің жетістіктерім: Қ.Сәтбаев университетінің технократ интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастырылуымен өткізілген «Аялы алақан» республикалық турнирінің «Үздік спикер»; Оқушылар сарайы пікірсайыс кеңесінің ұйымдастыруымен өткен турнирде «I Дәрежелі» диплом иегері, т.б. Маған дебат турниріне қатысқан ұнайды. Себебі әр турнирден көп үлгі, ақпарат алып, өзімнің рухани, адамгершілік дамуыма үлес қосамын, жаңа орта, жаңа достар табудамын. Дебатқа өзімнің алғысымды білдіремін. Менің қалыптасуыма, жоғары деңгейде ойлана алуым, дамушы әрі достыққа толы орта табуымның бәрі дебаттың еңбегі, жемісі.
ТУРКЕБАЙ Ақзере Маратқызы
Абай атындағы Республикалық
мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
орта мектеп-интернатының
11-сынып оқушысы.
Сурет: GOV.KZ